Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Даңғыл жолға бастайтын соқпақ

07.09.2021

802 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдаудың негізгі мақсаты – халық әлеуетін көтеруге бағытталған.

Биыл егемен ел атанып өз алдына дербес мемлекет құрғанымызға 30 жыл толып отыр. Осы жылдар бедерінде мемлекетіміз талайға үлгі боларлық ынтымақ пен бірліктің ордасына айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіз­дік – біздің ең басты құндылығымыз. Ең басты жетістігі­міз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағыт­талуда», – деп атап өкен болатын. Азаттығымыздың қастерлі де құдіретті екенін Қазақстан халқы жүрекпен сезінеді. Ол барша жастардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып қана қоймай,  халықтың тұрмыс санасының жақсара түсуіне септігін тигізіп, ел ертеңіне сеніммен қарауға үндейді.

Жолдауда айтылған тағы бір мәселе ауыл шаруашылығының жайылымдық жерлері мен жем-шөп әзірлеу барысы туралы болды. Бұл бүгінгі күнгі қоғамдағы басты мәселенің бірі болып отыр. Биылғы болған Маңғыстау мен Арал ауданындағы қуаңшылық қарапайым шаруа адамдарын шығынға батырып, малмен күнелтіп отырған ауыл халқына ауыр соққы болды. Бұл туралы Президент: «Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн. Сондай-ақ егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейткен абзал. Ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен қолдану керек. Жайылымдық жерді тиімді пайдалану да өте маңызды. Қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қам­тамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Олардың құқықтық мәртебесі және көрсетілетін қолдау тәсілдері «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» бөлек заңда көрініс табуы керек. Үкімет бұл заң жобасын өте қысқа мерзімде әзірлеуге тиіс, – деп қадап айтты.

Республика Президенті биылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру алдымызда тұрған басты бағыттардың бірі екеніне тоқталды. Індетпен күресу жолында жанкешті жұмыс жасаған дәрігерлер еңбегі ерлікке пара-пар. Расымен әлемді әбігерге салған коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. «Біз уақыт ұттырмай індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтуда.  Біз оның қашан болатынын күтіп, қарап отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек», – деді. 

Сапалы білім беру жайы да Жолдауда жан-жақты айтылды. «Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті. Алдымызда оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа. Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс. Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет. Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін», – деді Президент.

Заманауи талапқа сай білім мен денсаулық салаларын одан әрі дамыту өңірлік саясатты жетілдірудің жолын одан әрі айқындап берді. Бес бастамадан тұратын Жолдауды төменгі жалақы көтеру, еңбекақы төлеу, тұрғын үй мәселесін шешу жолдарын көтеру туралы шешім қа­былдауы – уақыт талабынан туған көкейтесті мәселе. Бір қуанарлығы, қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағыттары болып қала беретіндігі. Бұл – ұлттық тілімізге көрсетілген зор қолдау. Ел өркендеуі жолында білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне одан әрі айнала беретіндігі барша қазақстандыққа рухани қуат сыйлайды.

Басты мақсат – Жолдау жауапкершілін сезініп, Жолдау бағыттары жар­қын болашақтың көркеюінің көрінісі екенін әрбір отандасымыз шынайы сезінуі керек. Сол бағытта жұмыс жасау егемен еліміздің ертеңгі нұрлы болашағына бағдарланған игі бастама болмақ. Бұл даңғыл жолға бастайтын соқпақ іспетті.

Тұрар ШАЙДУЛЛАҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: