Жексенбі, 28 сәуiр, 21:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы тариф саясатын түбегейлі қайта қарауды ұсынды

01.09.2023

372 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тариф саясатын қайта қарап, монополистерге жауапкершілікті күшейту керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн, яғни баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Президенттің айтуынша, қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады.

«Сонымен қатар, монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады», – дейді Мемлекет басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: