Жұма, 19 сәуiр, 14:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының қызметінде болады – Айдос Үкібай

23.11.2021

1111 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін Президентке тапсыру туралы шешімін түсіндірді.

«Нұрсұлтан Әбішұлының лауазымы мен құқықтарына қарамастан, ұлтымыздың Көшбасшысы – Елбасы, әлем мойындаған қазіргі заманның көрнекті саясаткері, беделді тұлға болып қалатынын түсіну керек.

Заманауи Қазақстанның негізін қалаған, жанын салып, бүкіл өмірін елге арнаған адамның әрқашан халық мүддесін ойлап, еліміздің болашағы үшін алаңдайтынын бәрі түсінеді деп ойламын. Елбасының бұл ұстанымы өзгермек емес.

Бүгінгі шешім – билікті тапсырудың логикалық жалғасы ғана. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясы, әсіресе қазіргі пандемиядан болып отырған жаһандық дағдарыс кезінде Қазақстан Президенті үшін басты тірек болуы керек.

Жарғыға сәйкес, «Nur Otan» партиясының Төрағасын сайлау мен оны лауазымынан босату толығымен Партия съезінің құзыретінде. Оған дейін Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының қызметінде болады», — делінген Айдос Үкібайдың ресми комментариінде.

kznews.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: