Жексенбі, 28 сәуiр, 23:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Президент өңдеу саласындағы инвесторларды алғашқы 3 жылда салықтан босатуды ұсынды

01.09.2023

1164 0

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу саласындағы инвесторларды алғашқы 3 жылда салықтан босатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Геологиялық барлау саласы ерекше назар аударуды қажет етеді. 2018 жылы минералды шикізат базасын толықтыру мақсатында таукен секторын басқару бағытында жаңа заңнама қабылданды. Алайда, ол толыққанды жұмыс істеп кете алмады. Салдарынан ресурстарға бай елімізде маңызды геологиялық жаңалықтар ашылмай келеді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды шұғыл түрде өзгерту керектігін ескертті.

«Таукен секторын басқару жүйесін қысқа мерзімде жаңғырту қажет. Көптеген елдерде саланың негізгі қозғаушы күші жеке компаниялар болып отыр. Сондықтан ірі жеке меншік инвестицияларды тарту саланың әлеуетін ашуға шешуші дәрежеде көмектеседі. Ол үшін икемді реттеуші және фискалдық жағдайлар қажет», – деді Президент.

Мемлекет басшысы геологиялық зерттеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын инвесторлар жер қойнауын пайдалануға басым құқық алуы қажеттігін атады.

«Кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процесті толық цифрландыру арқылы жобаларды мақұлдау мерзімдері мен рәсімдерін екі есе қысқарту қажет. Үкіметтің міндеті – 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу аумағын қазіргі 1,5 миллионнан 2 миллион 200 мың шаршы шақырымға дейін жеткізу. Басым міндеттердің бірі «жаңа мұнайға» айналған сирек металдардың кен орындарын игеру болуға тиіс. Осы салада өз әлеуетін іске асыра алатын елдер бүкіл әлемнің технологиялық өсім бағдарын айқындайды. Жыл соңына дейін біз саланы дамыту туралы кешенді пайымды әзірлеуіміз керек. Өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін шетелдік және отандық инвесторларды алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босату қажет. Бұл өңдеуші индустрияға елеулі серпін беруі тиіс қағидатты мәселе», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген тақырыппен жариялап отыр.

Бұған дейін жазғанымыздай, Парламент палаталарының бірлескен отырысына депутат-министрлермен бірге еңбек адамдары да жиналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: