Бейсенбі, 10 қазан, 02:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Президент сайлауы: Жаңа саяси дәуірге қадам

08.10.2022

1590 0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынған еді. «Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады».

Президентке жеті жыл мерзім. Аз ба, көп пе? Бұл сауалдың да жауабы Жолдауда атап айтылды. «Бұл бастаманың негізі қандай? Бір жағынан, 7 жыл – кез келген ау­қым­ды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағы­нан, Президент мандатын бір мерзім­мен шектеу Мемлекет басшы­сының жалпыұлттық дамудың стра­­тегиялық міндеттерін шешуге ба­рынша жұ­мылуын қамтамасыз етеді. Тіршілік тоқтамайды, жаһан­дық үдерістер мен ел ішіндегі қоғамдық дамудың қар­қыны күн өткен сайын артып келеді. Мен ұсынып отырған конституциялық жаңалық билікті монополизациялау қаупін айтарлықтай азайтады. Дәл осы себепті мен президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасын енгізуді ұсынып отырмын», – деді Мемлекет басшысы.

Мұнан соң Мемлекет басшысы­ның Үндеуі жарияланып, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу биыл қараша айының 20-на белгіленді.

Ел ішінде сайлау науқанына дайын­дық басталды. Саяси партия­лар, қоғамдық ұйымдар мен бірлес­тіктер жоспар-жобасын пысық­тап, үміткер­лерін үкілеуде. Орталық сайлау комис­сиясы да Президент сайлауын өткізу дайындығына кірісіп кетті.

Айта кетелік, президенттікке үміт­керге қойылатын талап бар. Атап айт­қанда: оның ҚР азаматы болуы, Қазақстан аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы, жоғары білімді, жасы 40-қа толған және белсенді сайлау құқығының болуы, мемлекеттік қыз­метте немесе сайланбалы лауазым­да кемінде 5 жыл жұмыс тәжі­рибесінің болуы, мемлекеттік тіл­ді еркін меңгеруі қажет.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, сайлау жарна­сы­ның құны – 3 миллион теңге. Сай­лау жарнасы кандидатқа егер лауазымға сайланса немесе кемінде 5 пайыз дауыс алса қайтарылады. Сондай-ақ президенттікке канди­дат­тар үгіт-насихат жұмысын 21 қазанда бастайды және 28 күнге созылады. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18-00-де тоқтатылады. 19 қараша – сайлау алдындағы тыныштық күні.

Бүгінде президенттікке үміткер­лер есімі де атала бастады. Ал­ғаш болып «Ауыл» халықтық-де­мократиялық патриоттық пар­тиясы кезектен тыс съезінде пре­зи­дент­тікке канди­дат ретінде Жигули Дайрабаев­ты, «Аманат» Қазақстан кәсіподақ­та­рының достастығы РКБ жоғары органы Қажыкен Зекешұлын ұсынды.

Сондай-ақ сайлау алдында бір­қатар саяси ұйымдардың таңдауы бірдей болды. Атап айтқанда, мәс­лихаттар депутаттарынан құрал­ған республикалық қоғамдық бір­лестігі, «Қазақстан спортшылар одағы» рес­публикалық қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, «Ардагерлер ұйымы» рес­публикалық қоғамдық бірлестігі, «Qazaqstan Team» қоғамдық бір­лестігі, Ұлттық волонтерлік желісі, сонымен қатар «Ақ жол», «Қазақстан Халық партиясы», «Аманат» пар­тиялары да алдағы президент сайлауына үміткерлікке  Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандида­турасын ұсынды.

Бірқатар партиялардың кезектен тыс съезінен кейін, 6 қазан күні Қасым-Жомарт Кемелұлының кан­дидатурасын қолдаған халықтық коалиция форумы өтті. Форумға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ал­дағы сайлаудың ел болашағы үшін маңызды екенін атап айтты.

– «Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымыз­ды айқын­дайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдар маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді. Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді. Баршаңыз ұсынған ортақ кандидат ретінде президент сай­лауына түсу – мен үшін зор мәр­тебе әрі үлкен жауапкершілік. Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды біл­діремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі онда барлық әлеу­меттік топ­тар қамтылған», – деді Мемлекет басшысы.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: