Жұма, 19 шiлде, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

СЫР ӨҢІРІНДЕ «ТУҒАН ЖЕРІМ МЕНІҢ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ОБЛЫСТЫҚ ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

05.06.2023

1039 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Мемлекеттік рәміздері күні Қызылордадағы Рәміздер алаңында өткен салтанатты іс-шараға қатысып, сырбойылықтарды мерекемен құттықтады.Мерекелік салтанат Әнұранмен басталды.Аймақ басшысы кез келген елдің мемлекеттік мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары – шекарасы, астанасы және Мемлекеттік рәміздері екенін атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы», – деген болатын. Еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз. Рәміздерімізді елдігіміздің ұраны, патриоттығымыздың бастауы, Отанымыздың мақтаныш символы ретінде танытуымыз қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Патриоттық іс-шара аясында Отан, атамекен, туған жер туралы әндер орындалды. Мемлекеттік Ту көтерген 15-тен астам жеңіл көлік пен 10 мотошабандоздың авто және мотошеруі жиынға ерекше сән келтірді.Айта кетейік, Сыр өңірінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай 100-ге жуық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының және «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері арнайы сапта жүреді. Сонымен қатар Байқоңыр қаласында жалпыхалықтық патриоттық шаралар өткізілсе, барлық аудандарда Елтаңба авторы, сырбойылық Жандарбек Мәлібековтің еңбектері насихатталмақ. Мемлекеттік Ту авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған шаралар, патриоттық акциялар, көрмелер мен танымдық сағаттар өткізілмек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: