Дүйсенбі, 06 мамыр, 07:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Серік Әбдірахманов: Назарбаевты түрмеге отырғызу керек

04.02.2024

319 0

Сурет: massaget.kz

4 мәрте Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты және 2 мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Әбдірахманов Нартай Аралбайұлына берген сұқбатында Нұрсұлтан Назарбаевты жауапқа тарту керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Серік Әбдірахманов 2011 жылы берген сұқбатында «мен қазір Назарбаевты 70 пайыз қолдаймын, ал оның жанында жүргендер 100 пайыз қолдайды» деген болатын.

Жүргізуші Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісінен қазір сол қолдаудың қанша пайызы қалғанын сұрайды.

«Мынадай қантөгістен кейін оны енді қолдауға бола ма? Ол проценттерді мен сайлаушыларымның айтқанынан шығарып отыратынмын. Бұрын да сөйтіп айтатынмын. Мен халықтан сайланғаннан кейін әр мүмкіндігімді ауылдарды аралауға арнадым. Анау жоқ, мынау жоқ дейді де, соңында ақсақалдар «балам сен Назарбевты қолда, кейде қатты кетесің» дейтін. Сонда санаймын, 60-70 пайыз шығады. Қазір оны жауапқа тарту керек, Нұрсұлтанды түрмеге отырғызу керек. Бай мемлекетте қазақты сорлы етіп, Назарбаев өзінің ұры жүйесіне құл етті ғой. Енді оны қалай қолдауға болады. Қазір процент жоқ», – дейді Серік Әбдірахманов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: