Сенбі, 20 сәуiр, 12:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Үміткерлер сауда үйінде болды

06.01.2021

952 0

Бүгін «Nur Otan» партиясының өкілдері сауда үйін аралап, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Шараға Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жорабек Нұрымбетов, Сәкен Алдашбаев, Мұса Абдукаликов, Ердос Әбдісаттаров қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттады.

          «Сұлтан» сауда үйінде өткен шара барысында үміткерлер шаһар кәсіпкерлерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелер турасында пікір алысты. Тұрғындар партия өкілдеріне көкейдегі сауалдарын қойып, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек төңірегіндегі ойларын жеткізді.

          – Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз –кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға гранттар ұсынуға ықпал ететін болады. Мұнан бөлек мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» жобаларымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға атсалысады, – деді үміткер Жорабек Нұрымбетов.

          Шара соңында үміткерлер қызылордалықтардың түрлі саладағы сауалдарына бағдарлама шеңберінде жауап беріп, алдағы сайлау науқанында белсенділік танытуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: