Сәрсенбі, 13 қараша, 21:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа қызмет іске қосылды

15.01.2021

6465 0

Бірыңғай жинақтаушы зеййнетақы қоры зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеруге болатын жаңа сервисті іске қосты. Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы әрі ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді.

«Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік құпиясөз арқылы кіру қажет», – деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметінен.

Бір реттік құпиясөз арқылы порталға кіру үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:

  • өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
  • дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
  • «Кодты жіберу» батырмасын басыңыз;
  • жолданған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.

Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: