Жұма, 26 сәуiр, 23:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Арулар әлем чемпионатында

14.05.2022

1441 0

Түркияның Стамбұл қаласында қыздар арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионаты өтуде. Айтулы додаға қатысушылар қатарында ұлттық құраманың абыройын қорғайтын боксшы аруларымыз да бар. Қазіргі күннің өзінде жекпе-жекте жеңіске жеткендер де жоқ емес.

Жарыстың алғашқы күні  2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Валентина Хальзова шаршы алаңға шықты. 70 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын ол Кения намысын қорғайтын Лорна Кус Симбимен кездесті. Қазақстандық спортшы бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, нокаутпен жеңді. Осылайша ұлттық құрама жарысты сәтті бастады.

Тартысты доданың екінші күні де қазақстандық боксшысыз өтпеді. 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Алуа Балқыбекова өзінің 1/16 финалдағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Канадалық былғары қолғап шебері Диллон Прианкомен кездескен ол жекпе-жекті сенімді өткізіп, төрешілер бірауыздан қазақстандықты жеңімпаз деп жариялады.

11 мамырда Түркиядағы Әлем чемпионатына 52 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегін Пуэрто-Риконың спортшысы Мелоди Варгасқа қарсы өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар 57 келіде жұдырықтасатын боксшымыз Карина Ибрагимова 1/32 финалда румыниялық Клаудиа Нечитаны 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Үшінші күні жарыс жолынан шығып қалған спортшылар да бар. Оның ішінде 63 келі салмақта жұдырықтасқан Аида Әбікеева Алжир өкілі Емани Хеливке есе жіберсе, 75 келіде өнер көрсететін Надежда Рябец шаршы алаң қожайыны Исильдар Бусрадан жеңілді.

1/16 финалда сынға түскен Назым Қызайбай Рио олимпиадасының қола жүлдегері Ингрит Валенсияға қарсы тартысты жекпе-жек өткізді. Өкінішке орай, спортшымыз төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен колумбиялық боксшыға есе жіберді. Ал 54 келі салмақта өнер көрсететін Дина Жоламан 1/16 финалда жеңіске жетті. Испания елінің боксшысы Мария Мадуэмен кездескен ол қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. 60 келі салмақта жұдырықтасатын боксшымыз Римма Волосенко алғашқы жекпе-жегінде англиялық Шона Уайтуэллден 0:4 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. Одан бөлек 66 келіде сынға түскен Дариға Шакимова өзбек боксшысы Навбаxор Xамидовамен кездесуде 2:3 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: