Жексенбі, 13 қазан, 03:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Бозкілемдегі белдесу

18.02.2022

1255 0

«Евразия» мәдени сауықтыру спорт кешенінде 22-24 ақпан аралығында қазақ күресінен 2002-2004 жылдары туған жастар арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир өткізіледі. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл туралы қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Орманов қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады.

«Дәстүрлі турнир ұлтымыздың тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналып өткізілмек. Айта кету керек, бұл сайыс биылғы жылы 10-шы мәрте ұйымдастырылады. Қазіргі таңда жарысқа қатысушылардан ұсыныстар келіп түсуде. Турнир «Qazaq kuresi» Ассоциациясы бекіткен қазақ күресі ережесі бойынша өтеді. Барлық аймақтан әр салмақта 3 спортшыдан ал Сыр өңірінен әр салмақ дәрежесіне 4 спортшыдан жіберіледі. Әрбір салмақ дәрежесі бойынша 1 келі жеңілдік қарастырылған. Тағы бір атап өтерлігі, облыс құрамынан қатысатын 36 спортшының 25-і Қызылорда қаласынан енгізіліп отыр. Бұл – қала жастарының спортқа деген ынтасының жоғары екендігін көрсетеді. Жеңімпаз спортшыларға «ҚР Спорт шеберлігіне кандидат» атағы беріледі», –деді А.Орманов.

Бұрынғы жеңімпаз спортшыларда қатыстырылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ жарыстың биылғы ерекшелігі карантин талаптарын сақтай отырып, көрермендердің көруіне жағдай жасалмақ.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: