Бейсенбі, 25 сәуiр, 00:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Дзюдодан чемпиондар анықталды

20.09.2022

1002 0

Қызылордадағы «Евразия» спорт кешенінде Дзюдодан 2007-2008 жылы туған жасөпірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 20 командадан 707 жас палуан қатысты.

Жарысты Қызылорда қа­ласының әкімі Асылбек Шәменов сал­танатты түрде ашып, 3 күн қатарынан өтетін дүбірлі додаға қатысушыларға сәт­­тілік тіледі. Ол өз сөзінде өңірдің осы спорт­тағы жетістіктеріне тоқ­та­­лып, жақында Азия құр­­­­лы­ғын бағындырған Мағжан Шамшадин мен Нұр­лы­хан Шарханды, Әлем чемпионатынан қола медаль еншілеген Айдос Сұл­тан­ғали­ды жеңісімен құттықтады.

ҚР дзюдо федерациясы­ның вице президенті Ержан Зайдинов федера­ция атынан барша қатысу­шыларды құттықтап, ұйым­дастырушыларға алғысын білдірді.

Үш күнге созылған Сыр еліндегі ҚР чемпионатының нәтижесінде қызылордалық палуандар үш алтын, төрт қола медаль еншіледі. Осылайша жарысты командалық есепте Қызылорда облысы І орынмен аяқтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: