Сәрсенбі, 01 мамыр, 18:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ең қымбат футболшы кім?

20.09.2022

1286 0

«ПСЖ» футбол клубының форварды Килиан Мбаппе әлемнің ең қымбат футболисі атанды. Бұл туралы «Sportico» сайты хабарлады.

Француздық шабуылшы париждік­термен жаңа келісімшарт жасасудың арқасында рейтингте бірінші орынға шықты. Оның айтуынша, «ПСЖ»-да ол 105 миллион доллар алады. Тағы 20 миллионды Мбаппеге демеушілік келісімшарттар әкеледі.

Рейтингтегі екінші орынға «Манчестер Юнайтед»-тің шабуылшысы Криштиану Роналду 113 миллионмен тұрақтады. Пор­тугалиялық Манчестер­ден келісімшарт бойын­ша 53 миллион, демеу­­шілік келісім бойын­­ша 60 миллион дол­лар алады.

Ең көп ақша табатын футболистер тізімінің үздік үштігінде Лионель Месси бар. «ПСЖ» клубының шабуылшысы 110 миллион доллар табады.

Айта кетерлік жайт, Мбаппе әлем­дегі ең қымбат футболшылардың рейтингісін­де көш бастап тұр. Халықаралық спорт­ты зерттеу орталығы (CIES) оның трансферлік құнын 206 миллион еуроға бағалап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: