Жұма, 19 сәуiр, 03:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Футболдан 29 жыл ұмыт қалған бәсеке қайта жаңғыртылады

23.03.2022

1299 0

Футболдан Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарының чемпиондары ұмыт қалған бәсеке 29 жылдан кейін қайта жаңғыртады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, аталған турнир 1985, 1993 жылдарда екі мәрте өткізілді. Онда Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтық біріншілігінде чемпион атанған құрамалар өзара шеберлік байқасты.

FIFA талабы бойынша жарыс әрбір төрт жылда әлем чемпионатының қарсаңында өткізу жоспарланған еді. Ол 1972-1983 жылдарда UEFA басшысы болған Артемио Франкидің құрметіне арналды.

1985 жылы Франция мен Уругвай құрамалары кездесті. Онда француз футболшылары қарсыластарын 2:0 есебімен сүріндірді.

Ал 1993 жылы Аргентина мен Дания ойнап, негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтиден аргентиналық футболшылар 5:4 есебімен басым түсті.

Екі құрлықтың футбол саласының басшылары аталған бәсекені қайта жаңғырту жөнінде келісімге келді. Нәтижесінде 2022 жылдың 1 маусымында Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында Италия және Аргентина құрамалары ойнайды.

Еске салсақ, Итлаия құрамасы 2021 жылы Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды.

Ал Аргентина сол жылы Америка кубогында топ жарды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: