Жұма, 19 сәуiр, 00:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Мәдениет және спорт министрі Сыр елінде

21.09.2022

1381 0

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жұмыс сапарымен Сыр еліне келді.

Мәртебелі мейман іс сапар аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесіп, бірлескен жұмыстарды талқылады. Аймақ басшысы өңірдегі мәдениет, спорт саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталып, министрлікпен бірге жүзеге асатын жобалар туралы пікірлесті.

Министр сапары аясында Қызылорда қаласында бірқатар мәдени орындар мен спорттық нысандармен танысты.

Дәурен Әскербекұлы алдымен аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұшымен бірге «Мұз айдыны», «Тарлан» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанау, грек-рим күресі, көркем гимнастика, ауыр атлетика, бокс, таеквондо секцияларының жұмысымен танысты.

Содан соң облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, өңір тарихының өткені мен бүгінінен сыр шертетін тарихи жәдігерлерді тамашалап, естелік кітапқа қолтаңбасын қалдырды.

Министрдің кезекті кездесуі Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалғасты. Онда облыс тұрғындары және сала мамандарымен еркін форматта жүздесіп, мәдениет, өнер, спорт салаларының өзекті мәселелері жөнінде айтылып, шешу жолдары айқындалды.

Кездесуде министр Дәурен Абаев қоғам қайраткері Сәбит Аңсатов, Оңталап Нұрмақанов, Жүзбай Таңырақбаевтардың Сыр өңірінің мәдени, әдеби салаларына қатысты қойған сауалдарына жауап берді.

Содан соң халықпен жеке кездесу өткізіп, тұрғындардың өзекті мәселелеріне жауап берді.

– Сыр елі өнердің ақ боз үйін тіккен аяулы мекен. Спорттан тәжірибесі мол облыс. Бұл өңірдің өкілдері өнерде де, спортта да қай қияға салсаңда қырандай биікке самғайды. Сонымен бағасы артық, бәсі биік. Сіздермен кездесу үлкен қуат береді. Барлық тақырыптағы қойылған сауалдарды арнайы жазып отырмын. Ертең Елордаға барғанда арнайы жұмыс тобымен ақылдаса отырып, шешілу жолдарын қарастырамын. Бір айта кетерлігі, бір мәселе төңірегінде бірнеше министрлік бірлесіп жұмыс атқарады. Соның барлығын назарға ұстап, ұлттық өнер мен спорттың дамуы төңірегінде қызмет етеміз. Әрбір сауалдың артында үлкен жұмыс күші тұрады, жауапкершілік болады, – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Мүсілім ШАЙДУЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: