Бейсенбі, 21 қараша, 23:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Шахмат олимпиадасы: Қазақстан құрамасы шешуші сында АҚШ-қа қарсы ойнайды

22.09.2024

1269 0

Фото: KAZINFORM.

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан шахматтан 45-ші Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы шешуші сында АҚШ-қа қарсы ойнайды,-деп хабарлайды KAZINFORM.

Қыздарымыз Будапештегі Олимпиадада ойындарының 10-шы турында Грузиямен тең түсті. Екі команда арасындағы барлық ойын тең аяқталды (2-2). Бұл турда Қазақстан сапынан Бибісара, Алуа, Меруерт пен Ксения өнер көрсетті. Осылайша, Қазақстан мен Үндістан әйелдер командасы 17 ұпайдан жинап, көш басында тұр. Ал Польша мен АҚШ-та 16 ұпайдан. Армения мен Испанияда 15-тен. Енді қыздарымыз шешуші турда АҚШ-қа қарсы ойнайды.

Сондай-ақ, Қазақстан ерлер құрамасы да Хорватия командасынан басым түсті. Жеңістің тағдыры Әлішер Сүлейменов пен Саша Мартинович арасындағы ойында шешілді. Ұлттық құрама шахматшысы сенімді ойын мәнерінің арқасында қарсыласынан айласын асырды. Ал қалған 3 отандасымыз (Қазыбек Нөгербек, Алдияр Аңсат пен Рамазан Жалмаханов) тең ойнады. Қазір команда еншісінде 14 ұпай бар (7 жеңіс, 3 жеңіліс).

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы тоғызыншы турда Польшадан басым түсіп, 16 ұпаймен бірінші орынға шыққанын жазған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: