Түркиядағы «Хатайспора» клубының ойыншысы, ганалық Кристиан Атсудың мәйіті үйінділер астынан табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
31 жастағы Атсу 2022 жылдан бері «Хатайспора» командасында ойнаған.
![Түркиядағы үйінді астынан «Челси» футболшысының мәйіті табылды](https://stan.kz/cdn-cgi/mirage/c13a1d47917437ea3025a2cf68b1edac10fd4cfb20657ad6e73aa9777be08ba1/1280/https://stan.kz/download/uploads/2023/02/full_16757651321da4d51d107aa84c8d43cd419cf9c056_webp.webp)
«Өкінішке қарай Кристиан Атсудың мәйіті табылды», – деп жазды Мұрат Узунахмет.
Кристиан Атсу португалиялық «Порту», «Риу Аве», ағылшындардың «Челси», «Эвертон», «Борнмут», «Ньюкасл», нидерландтық «Витесс», испаниялық «Малагу» командаларында ойнаған. Гана құрама сапында 60 матч өткізіп, 2012-2022 жылдар аралығында 10 гол соққан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!