Жұма, 19 сәуiр, 13:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Тұрсынбай Құлахмет 70 секундта нокаутпен жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды

05.04.2021

5108 0

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 КО) венесуэлалық Хебер Рондонды жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Аралас жекпе-жектен қазақстандық сарапшы Айдар Махметовтің мәліметі бойынша, Құлахмет бұл жекпе-жекте 210 мың доллар тапқан. Құлахмет қарсыласын 72 секундта нокаутқа түсірген еді.

Осы жеңістің арқасында Құлахмет BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақта 48 сатыға көтерілді – 187-ден 139-орынға дейін. Ал бұған дейін 20 мәрте жеңген Рондон карьерасында алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын.

Еске салайық, Құлахмет – әуесқойлар арасында 2019 жылғы Азия чемпионы және сол жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: