Жұма, 03 мамыр, 22:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жәнібектің жарқын жеңісі

16.05.2023

595 0

Жексенбінің таңында кәсіпқой бокста шашасына шаң жұқтырмай келе жатқан Жәнібек Әлімханұлы кезекті жеңісіне қол жеткізді. АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсеткен «Qazaq Style» канадалық Стивен Батлермен кездесті.

Он екі раундқа есептелген жекпе-жекте «WBO» нұсқасы бойынша орта салмақта Жәнібекке тиесілі чемпиондық белдік сарапқа салынды. Чемпиондық белдігін екінші рет қорғаған қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Алғашқы раундтардан-ақ басымдыққа ие болған Жәнібек нокаут тіркеп, кәсіпқой бокста он төртінші жекпе-жегінде WBO чемпиондық белді­гін қорғап қалды. Ал Стивен Батлер төртінші жеңілісіне ұшырады.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2022  жыл­дың қараша айында өткі­зіп, бри­тандық спортшы Дензель Бентлимен қол­ғап түйістірген еді. Ол кездесуде төре­шілердің бірауыздан қабыл­даған шешімімен «Qazaq Style» жеңіске жетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: