Сенбі, 04 мамыр, 05:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тергеу изоляторына облыстық кітапханадан 640 кітап сыйға тартылды

03.07.2023

331 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 республикалық мемлекеттік мекемесінде сотталғандарды тәрбиелеу және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында кітапхана қызметі жұмыс жасайды.

Өйткені, жазасын өтеушілер арасында « артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге » қағидасын ұстанатындар саны жеткілікті.

Кітапханашы Қашқынбай Дияс кітапхана қорын толықтыру мақсатында жан-жақты сұраныстар жіберіп,нәтежиелі жұмыстар атқаруда.

Осы орайда, Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан 640 кітап алынды.

  • Біз тергеу изоляторы қызметкерлерімен біраз жылдан бері бірлесе жұмыс атқарып келеміз.

Мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен жекеқұрамның жас қызметкерлері кітапханада өткізілген әртүрлі «іс-шараларға шақырылып,қатысып тұрады.

Сондай-ақ, мұндағы тәрбие бөлімі жазасын өтеушілерге мерекелерге байланысты кітап көрмесін апарып көрсетуімізді сұрайды.

Жыл басынан бері сотталған азаматтарға екі түрлі тақырыпта жылжымалы кітап көрмесін апарып көрсеттік.

Сонда байқағанымыз жазасын өтеушілер тарапынан кітап оқуға деген талпыныс өте жоғары екен.

Сол себепті де, бұл жолы 640 кітапты сыйға тартып отырмыз- дейді, рухани ордаданың құжаттарды жинақтау,өңдеу және каталог ұйымдастыру бөлім меңгерушісі Бақыт Жусупова

Әкелінген кітаптарды алдымен теолог қызметкерлер тексерістен өткізді.

Тексеру барысында, әкелінген құнды сыйлар арасынан радикалдық бағыттағы және шытырман оқиғалы туындылар мен мекеме ішіне алып өтуге тыйым салынған заттар анықталған жоқ.

Кітаптардың ішінде қазақ әдебиетінің класик жазушылары М.Әуезов, І.Есенберлин,С.Мұқанов Ә.Әлімжанның романдары мен ақын О.Сулейменов , Т.Молдағалиев пен Шахановтың да, өлеңдер жинағы және танымдық кітаптар мен фантастикалық шығармалар бар екен.

  • Кітаптарды сыйға тартқан кітапхана басшылықтарына алғысымды білдіре отырып, сабырлы ұстаз саналатын кітаптың, жазасын өтеуші жандардың түзелу жолына түсуіне септігін тигізетіне сенімім  мол – деді, жабық мекеменің кітапханашысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: