Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

3 наурызға арналған жұлдыз жорамал

03.03.2024

877 0

Сурет: tolkyn.kz

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Отбасы жұлдызнамасы

Тоқты

Әзірге жаңа таныстықтан немесе біреудің кеңесімен танысқан адаммен қарым-қатынас құрудан аулақ болыңыз. Кейінірек жеке қарым-қатынас пен отбасылық қарым-қатынас арасындағы үйлесімділікті табуға болады.

Торпақ

Егер шаңырағыңызда отбасылық мерекелерді тойлау дәстүрі болса, оларды қайта жаңғыртуға тырысыңыз, сонда неке нығая түседі.

Егіздер

Бүгін сізде отбасымен қарым-қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін. Түсініспеушіліктің алдын алу үшін абай болыңыз.

Шаян

Бүгін отбасымен бірге отбасылық серуен ұйымдастырыңыз – театрға немесе, сіз көптен қалаған көңіл көтеретін орындарға барыңыз. Ал жеке қызығушылығыңызды кейінге қалдырыңыз.

Арыстан

Ата-анаңызға уақыт бөліңіз, оларға бала махаббатыңыз, қолдауыңыз қажет. Жылы сөздеріңізді аямаңыз.

Бикеш

Бүгін отбасында жанжал мен келіспеушіліктер болуы мүмкін, сондықтан алдын ала ойланыңыз және ол жағдайдан шығудың жолын қарастырыңыз.

Таразы

Ата-анаңыздың мінез-құлқына назар аударыңыз. Оларға қамқорлық көрсеткеніңіз жөн, бірақ кейде сіз оларды түсінбей қалуыңыз мүмкін. Олардың іс-әрекеті әрқашан дұрыс бола бермейді. Оған бола көңіліңіз түспесін.

Сарышаян

Сіз туыстарыңыздың мінез-құлқынан өзгерістерді байқайсыз. Жаңа қасиеттері мен таланттары ашылады. Отбасыңызға уақыт бөліңіз: маңызды тақырыптарды талқылаңыз.

Мерген

Отбасылық қарым-қатынаста сенім жетіспейді. Жұмысыңызда және болашаққа жоспарларыңызда жақындарыңыздың қолдауы маңызды.

Тауешкі

Отбасылық жиналыс жасауыңыз керек. Дәмді шоколад, десерттермен бір кесе ыстық шай немесе кофе ішіп алып жоспар құрыңыз. Жиналысты жүйелі түрде жасап тұру артық етпейді. Тіпті дәстүрге айналдырып алыңыз.

Суқұйғыш

Жақын адамыңызға берген уәдені еске түсіріңіз. Бірақ жанжалға бой алдырмаңыз. Жағдай жақын арада тұрақталады.

Балықтар

Туысыңызға қолдау керек: әсіресе қарт туыстарға көңіл бөліңіз, қиындықтарын жеңуге көмектесіңіз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: