Жұма, 22 қараша, 15:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

5 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

05.11.2024

424 0

Сурет: pixabay

Жұлдыз жорамал бойынша не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құрып, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Тоқтылар

Бүгін әлсіздік, шаршау және бас ауруы мазалауы мүмкін. Білікті дәрігер кеңесімен ем алыңыз, денсаулығыңызға бей-жай қарамағаныз жөн. Көшбасшылық қасиеттеріңізді көрсететін уақыт келді. Қолға алған жобаларыңыз табысты болады.

Торпақтар

Бүгінгі күніңіз тосынсыйға толы болады. Оған қоса бүгін романтикалық кездесу баруға не жаңа адамдармен танысуға дайын болаңыз. Қызметіңізге қатысты жаңа ұсіністар түсуі мүмкін. Көп күнгі бойкүйездіктен соң күш-қуатыңыз қалпына келіп, өмірге құштарлығыңыз арта түскенін байқайсыз. Осы сәтті пайдаланып, өзіңізге сай келетін бір спорт түрімен айналысуды әдетке айналдыруға кеңес береміз.

Егіздер

Өзгерістерге дайын болыңыз. Ешкіммен ұрыспаңыз. Көмек керек болса, жақындарыңыздан, достарыңыздан көмек сұраңыз. Бұл күн физикалық жаттығуларға қолайлы, сондықтан спортзалға барыңыз немесе жеңіл дене жаттығуларын жасаңыз.

Шаяндар

Өмірлік жұбыңызды іздегенде ішкі түйсігіңізге сүйенгеніңіз жөн. Қызық, көзқарасы сізге сай келетін адаммен танысу үшін қарапайым және жаңа нәрселерге ашық болыңыз. Бүгін достарыңызбен және іскер серіктестермен келіспеушілік туындауы мүмкін. Ұжымда бірлік болуы үшін кейбір мәселелер бойынша қарым-қатынасты уақытша тоқтатып, топтық жұмысқа кіріскен дұрыс. Осының арқасында бірлескен жобалар табысты болады.

Арыстандар

Бүгін әріптестеріңіздің тарапынан қандай да бір кедергілер туындауы мүмкін. Барынша салмақты болып, ашу-ызаға жол бермеуге тырысыңыз. Жұмыс күнінің аяғында барлық мәселе оңынан шешіледі. Суды көбірек ішуді әдетке айналдырыңыз. Шай мен кофеден біртіндеп бас тартуға кеңес береміз. Көп ұзамай нәтижесін көре бастайсыз.

Бикештер

Күніңізді пайдалы ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз: массажға жазылыңыз немесе жаттығу залына барыңыз. Соңғы кезде артық шығындарыңыз көбейіп кеткенін ойлап жүрген болсаңыз, білікті мамандарға жүгініп, ақыл-кеңес алып, қаржыңызды тиімді жұмсау жоспарын құрыңыз.

Таразылар

Жалғыздықтан шаршап жүрген болсаңыз, жақын арада өміріңізде жағымды оқиға болады, жаңа адамдармен танысасыз. Ол таныстық өміріңізде маңызды рөл ойнауы мүмкін. Сүйікті адамыңызға сезіміңізді бүкпесіз көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Жылы сөздер айтып, қамқорлық танытуды ұмытпаңыз. Романтикалық кездесулер де артықтық етпейді.

Сарышаяндар

Қызметте қандай жағдайлар болса да, жұмысыңыздың сапасына барынша назар аударыңыз және жауапкершіліктен қашпаңыз. Көп ұзамай жемісін көресіз. Әлсіздік басып, шаршап жүрген болсаңыз, тамақтану және демалу режимін ретке келтіріңіз, күнде жеңіл дене жаттығуларын жасауды не болмаса көбірек жаяу жүруді қолға алыңыз.

Мергендер

Жұмысқа зауқыңыз соқпай жүрсе, қысқа мерзімге демалыс алып, қала шетінде демалып келуге, не жай ғана қызық фильмдер көріп, кітап оқып, тынығуға кеңес береміз. Жыл соңындағы қауырт жұмысқа күш-қуат жинап алғаныңыз жөн. Бүгін кешкілік бос уақытыңызды ата-анаңызға не балаларыңызға арнаңыз. Олармен әңгіме-дүкен құрып, қызық кеш өткізуге болады.

Тауешкілер

Соңғы кезде достарыңыз сіздің көмегіңізге мұқтаж болып жүруі мүмкін. Өзі көмек сұрамаса да қолыңыздан келгенше қолдау білдіргеніңіз жөн. Бүгін жұмыста өзіңіз ойламаған жерден қиындықтар туындауы мүмкін. Алайда сіздің тәжірбиеңіз бен шешіміңіз барлық қиындықты еңсеруге көмектеседі. Барынша сабырлы болуға тырысыңыз.

Суқұйғыштар

Бүгін күш-қуатыңыз артып, жұмысқа құлшынысыңыз оянғанын сезесіз. Осы сәтті пайдаланып, көптен ойыңызда жүрген жұмыстарыңызды ретке келтіріп алсаңыз болады. Ескі таныстарыңызбен кездесуге не романтикалық кеш ұйымдастыруға таптырмас күн болады.

Балықтар

Жұмысыңыз қанша қауырт болса да арасында өзіңізге үзіліс жариялап тұруды ұмытпаңыз. Қарбалас жұмыс күйгелектікке себеп болады, соның салдыранан жұмысыңызда не отбасыңызда түсініспеушілік болуы мүмкін.

Буыныңыз сырқырап, мазаңызды алуы мүмкін. Мұндайда сізге білікті дәрігерлер ғана көмекке келе алады.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: