Дүйсенбі, 08 шiлде, 03:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Астана әуежайын су басты

08.07.2024

34 0

Сурет: stan.kz

Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың төбесінен су кетіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде видеолармен бөлісіп жатыр. Байқағанымыздай әуежайдың су ағар жүйесінің жырығынан шыққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің де төбесінен құйылып жатыр. Видеода қорап толы жүктер малмандай су болғаны көрініп тұр.

Әуежайдың баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.

«Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мердігер құрылыс компаниясы Астана әуежайының халықаралық терминалында су құбырына зақым келтірді. Қазіргі уақытта зақымдануды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, зақымдануды жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді әуежайдың баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: