Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бала тілі неге кеш шығады?

23.02.2022

1165 0

Қазіргі кезде кішкентай баланың тілінің кеш шығуы үлкен мәселеге айналуда. Бұл жағдай еліміздегі логопед пен дефиктологтардың сұранысын арттырып отыр. Осыған орай, барлық емханалар мен мектептерде арнайы штат ашылып, жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Бүгінде 4-5 жастан асқан бүлдіршіндер былдырлап, сөзін анық айта алмайды. Сәбилердің тілінің кеш шығуы тек ата-ананың емес, дәрігерлердің де назарын аударуда. Баланың сөйлеу қабілетіне кері әсер етіп, оны бұзатын себептер өте кеп. Мамандардың айтуынша құрсақта жатқанда анасының түрлі ауруға ұшырауы, баланың таңдайының дұрыс қалыптаспауы, қатты шошыну секілді себептер кері әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, сау баланың дүниеге келуі ата-ананың денсаулығына байланысты. Сонымен қатар, тілдің шығуы неврологиялық ауруларға тікелей қатысты. Яғни, жүйке жүйесінің бұзылуы бала тілінің кеш шығуына әкеп соғады. Сондықтан немқұрайлы қарауға болмайды. Өйткені, дер кезінде көңіл бөлмесе, бұл дерттің салдары көптеген ауруға әкеп соқтыруы мүмкін.

– Қазір 3 жасқа толған бала анық сөйлемесе әрбір ата-ана «Ер баланың тілі кеш шығады» немесе «еркелігі ғой» деп өз-өздерін осылай жұбатады. Алайда, бала 1 жаста кем дегенде 10-15 сөзді айтуы қажет. Ал, 3 жастан асқаннан кейін еркін әңгімелесе білуі керек. Бірақ, бүгінде мұндай балалар сирек кездеседі. Баласы бесікте жатқанда-ақ онымен сөйлесіп, бесік жырын айтып, ұйықтатқан жөн. Қазіргі жастар баланың қасына ұялы телефондағы әуенді қосып, өз ісімен айналысып отырады. Балаға көңіл бөлмейді, оны жіті қадағаламайды. Осының салдарынан сәбидің тілі кеш шығады, – дейді облыстық кеңес беру диагностикалық орталығының логопед маманы Жанар Жұдабаева.

Бұрынғы біздің ата-әжелеріміз логопед деген мамандықты білмейтін. Алайда, бүгінде бұл мамандарға сұраныс жылдан жылға артып келеді. Ұрпақ денсаулығы – басты құндылығымыз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – дейді дана халық.

Қазіргі кезде облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында логапед кабинеті заманға сай ең соңғы үлгімен жабдықталған. Мұнда баланың тілінің тез шығуына барлық мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар, жоғары дәрежелі мамандар сапалы қызмет етеді.

Кішкентай баланың сөйлеуіне жіті мән берген жөн. Біз де көбіне «Менің балам ерке, есін білгенде өзі-ақ жөнделеді» деп жатады. Сондай-ақ, үлкендер жағы «Оның әкесінің тілі кеш шыққан, баласы өзіне ұқсаған ғой» деп мән бермейді. Бұл пікір дұрыс емес. Баланың өз жасына сай сөйлеуі маңызды.

– Менің ұлым 2 жастан 6 ай асты. Ол әлі толық сөйлей алмайды. Бәрін ыммен түсіндіреді. Анда-санда ғана былдырлап сөйлейді, оның өзі түсініксіз. Баламның толық сөйлеп кетуі үшін не істеу керек деген сұрақ жиі мазалай бастады. Арнайы мамандардың көмегіне жүгінгенді жөн көріп, кеңес беру

орталығына келіп отырмын. Бала 1 жасында кем дегенде 10-15 сөз айтуы керек екен. Қазіргі кезде ұлыма логопедтер жан-жақты тексеру жүргізіп, түрлі жаттығулар жасауда, – дейді жас ана Ұ.Өтегенова.

Мамандардың айтуынша, ата-ана егер баласының тілі кеш шығып келе жатқанын аңғарса, алдымен невропатолог дәрігерге қаралып, кейін логопед мамандардың көмегіне жүгінуі керек. Дегенмен дер кезінде ем алса мұндай қиындықтан арылуға болады.

Айбек ЖАҚСЫЛЫҚ

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

IV курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: