Сенбі, 20 сәуiр, 11:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Балаға қай жаста нені үйрету керек?

26.03.2022

1162 0

Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың міндеті. Бірі баланы шектен тыс ерке етіп өсірсе, бірі жауапкершілігін ояту үшін тым қатал әдістерді қолданады.

3 жас. Үш жасынан бастап балаға өз затының иесі екенін түсіндіріп, жауапкершілігін оятыңыз. Осы кезден балаға өз ойыншықтарын жинауды, жоғалтпауын талап етіңіз. Үш жасынан бастап бала таңертең өзі беті-қолын жуып, тісін тазалау керек. Сонымен қатар заттарды алып беріп, көмектескен еңбегін бағалап, мақтау айтыңыз.

4 жас. Өзі киініп-шешінуі керек. Баланың ұзақ киінгенін сынап, өзіңіз киіндірмеңіз. Бала өзін қабілетсіз сезінеді. 4 жасар балаға төсек орнын жинауды, ыдысты орнына, киімдерді кір жуғыш машинаға салуды талап етіңіз. Ас әзірлеген кезде балаңыз қызықса, жұмыртқа жару, т.б. қарапайым заттарды істеуге рұқсат беріңіз.

5 жасар бала не білу керек?

Үй жинауға көмектесу;

Дүкеннен нан сатып алу;

Аяқ-киім бауын байлау;

Дастархан жаюға көмектесу;

Осы кезде бала өз киімін жинап, орнын білу керек.

6 жасында не істетеміз?

Шаңсорғышпен кілемді тазалап шығу;

Гүлдерге су құю;

Қоқыс төгіп келу;

Бұл уақытта балада өзіндік көзқарастар пайда болады. Балаға өз киімін өзі таңдауға рұқсат беріңіз. Оның таңдауын ешқашан сынамаңыз. Тек ауа райына сәйкес келмейтін киімдер болса, ескерткеніңіз жөн.

7 жасар бала. 7 жасында бала мектепке барады. Сол жауапкершілікті сезініп, оқушы екенін түсіну керек.  Ерте жатып, ерте тұру, күн тәртібін құруды үйретіңіз. Өзінен кейін орнын жинап жүруін талап етіңіз.

8-9 жасында нені білу керек?

Еден жуу;

Өз киім сөресін жинау, ретке келтіру;

Инені қолдана білу. Ине-жіп сабақтау, ілгекті матаға қадау;

Ваннаны жеке өзі қабылдау, суға түсу;

Осы кезден бастап ол өзінен кіші бауырларына қамқор болып, ата-анасы үйде болмаған кезде де бас-көз болу керек. Бала дастархан басындағы әңгімелерге қосылып, өз пікірін айта алады. Оның пікірі маңызды екенін білдіру үшін тыңдап отырыңыз.

9-10 жас. Балаға сыртқы ортамен байланыс ауадай қажет. Осы кезеңде бала жолдан өзі өте алу керек. Жол ережелерін толық біліп, оны іс жүзінде қолдана білгені абзал. Алғашқы көмек көрсету шараларын біліп, маңызды нөмірлерді білу керек. Мәселен, 103 – жедел жәрдем, 101 – өрт сөндіру, тағы басқа сияқты.

10-11 жас. Бала автобуспен жүре алу керек. Оған адаспай, қай автобус қай жерге баратынын айтыңыз. Адамдардан ұялмай сұрауын өтініңіз. Үйде өзі қалудан қорықпасын. Қорқынышымен бірге күресіңіз. Осы кезде баланың қолына ақша ұстата бергеніңіз абзал. Ол өз ақшаларына ие болып, орынды жұмсай алу керек. Жеке хоббиларына жауапкершілікпен қарауын талап етіңіз. Қызығушылығын бағалаңыз.

11-12 жас. Ас үй пешін қолданып, оны таза ұстау керек. Ата-анасына көмектесу керек екенін түсіндіріңіз. Өз ісіне яғни сабағына өзі жауапты болып, өзі оқысын.

13-17 жас. Бұл баланың өтпелі кезеңі. Олар жеткіншекке айналады. Психологияға мән берген жөн. Ол өзгерісті байқамай бала деп қабылдамаңыз. Осы кезеңде бала өзіне қатысты мәселенің шешімін қабылдай алу керек. Сонымен қатар ата-анасы жоқ кезде өзін үлкендердің орнына қоя алады. Тамақ істей білу керек.

А.ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: