Сәрсенбі, 01 мамыр, 03:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Батыржан Шалғынбаев атындағы халықаралық турнир өтті

25.02.2024

400 0

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан халықаралық турнирді қорытындылау іс-шарасына қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Биыл аталған турнир 28-ші мәрте ұйымдастырылуда.

Аймақ басшысы қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтады.

Жарысқа Өзбекстан Республикасы мен еліміздің бірқатар өңірінен 32 команда қатысты. Турнир нәтижесімен 4 жүлделі орын алған команда мен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Шабуылшы», «Мерген ойыншы», «Үздік ойыншы», «Үздік төреші» номинация иелері марапатталды.

Айта кетейік, облыс бойынша 55 973 адам футболмен айналысса, оның ішінде футзалмен 5 650 адам шұғылданады. Жыл сайын жасөспірімдердің футболға деген қызығушылығы артып келеді. Сонымен қатар, әуесқойлар футбол лигасы бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың дамуына үлесін қосуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: