Сәрсенбі, 24 сәуiр, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«А» вирустық гепатитінен сақтану жолдарын білесіз бе?

19.04.2023

535 0

А вирустық гепатиті – вирус көзі науқас адам болып табылатын жіті инфекциялық ауру. Гепатиттің қоздырғышы – вирустардың ішек тобына жататын вирус.
Вирус организмге ішек инфекцияларына тән (су, тағамдық және тұрмыстық қарым-қатынас) жолдарымен түседі.
Бұл ретте таралу факторлары: лас қолдар, сондай-ақ вирус жұқтырған барлық заттар (азық-түлік, көкөністер, жемістер, жидектер, аскөк) болып табылады.
Жұқтыру шаруашылық-нәжіс ағындарымен ластанған су айдындарында шомылу кезінде болуы мүмкін. Сарғаюсыз, аурудың белгісі аз және субклиникалық нұсқалары бар адамдарда негізгі эпидемиологиялық маңызы бар. Вирус бауырды зақымдайды, вирус бөлшектері асқазан-ішек жолдарының сілемейлі  қабығы арқылы сіңіріледі және қан айналымының жалпы жүйесіне түседі.
Вирус сау адамның организміне түскеннен кейін жасырын өтеді,  инкубация деп аталатын жасырын кезең А гепатиті кезінде 14 күннен 35 күнге дейін созылады. Содан кейін аурудың белгілері пайда болады: дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, тәбет төмендейді, әлсіздік, жүректің айнуы, құсу байқалады. Көптеген ауырған адамдарда катаралдық  құбылыс, тамақтың қызаруы байқалады. Зәр қараяды, сыраның түсіне ұқсайды, керісінше нәжіс ағарады.
А гепатитінің вирусы сарғаю пайда болғаннан бұрын науқастың нәжісімен бөліне бастайды, яғни сарғаю кезеңінің алдында пайда болады. Аурудың осы кезеңінде ауырған адамдар айналасындағылар үшін барынша қауіпті болып табылады. Сарғаю кезеңінің пайда болуымен (көздің ағының және тері жабындарының боялуы) вирустың бөлінуі күрт азаяды және жұқтыру күрт төмендейді. Ауырып сауыққаннан кейін тұрақты, өмірлік иммунитет пайда болады. Профилактика шараларын сақтау кезінде аурудың алдын алуға болады
А гепатитінің алдын алу шаралары:

  • тамақ ішу алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан, серуеннен қайтып оралған кезде қолды жуу;
  • ашық су айдындарынан қайнамаған суды ішпеу және онымен жемістер мен көкөністерді жумау;
  • ағынды сулар түсуі мүмкін су айдындарында шомылмау;
  • адамдары бар үй-жайларда: үйде, жұмыста, қоғамдық тамақтану объектілерінде, сауда, коммуналдық, өнеркәсіптік үй-жайларда тазалықты сақтау;
  • экзотикалық өнімдерді, әсіресе шикі устрицаны, мидия мен басқа да моллюскаларды тұтынбау.
    А вирустық гепатитінің алдын алудың арнайы жолы – вакцинациялау. Вакцинациялауға:
  • екі жастағы балалар;
  • А вирустық гепатиті ошақтарында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда, он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар;
  • 14 жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі адамдар жатады.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: