Дүйсенбі, 25 қараша, 17:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Біз кімбіз?

25.08.2023

352 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың I отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық тарихымызды жаңадан дұрыс жүйеге келтіріп, қайта жазып шығу жөнінде тапсырма бергені мәлім. «Тарихымыз жүйелі, шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек», деген еді басқосуда Президент. Жөн-ақ. Бірақ Абай хакімнің «Адамның адамшылығы істі бастағаннан білінеді, қалайша бітіргенінен емес» дегенін ескерсек, ұлттық атауымыздың этимологиясын әлі күнге дейін кім көрінген өзінше бұрмалап жатқанда, тарих бұлағымыздың қайнар көзі тағы да ашылмай қала ма деген қауіп жоқ емес. Шындығында, біз өзі кімбіз?

«Би екеу болса, дау – төртеу» дейді қазақ. Осындай үрдіс еврей халқында да бар көрінеді. Айырмасы тек бізде Тәңірімнің берген кең даласындай сөз қорымыздың шексіз шетсіздігінен, мына егемен ел болғанда, сөзбұйдаға салынып, жалған оқымыстыларымыздың қара шыбындай көбейіп, қазақ деген өз атауын «біреу қыз алып қашса, біреу босқа қашадыға» салынып, пысықсына жөңкілуінде жатқандай. Көз жұма, айналаңа таяқ лақтырсаң, әлгілердің басына тиеді. Нағыз ғалымдар өздерін оқымыстымыз деп атауға, кірқоқыс ішінде жүргендей ұялатын халге жетті. Масқарасы сол, екінші дүниежүзілік соғыс алдындағы кеңес одағы бойынша есепте болған 98 300 ғалымнан асып, бұл күнде 127 мыңға жетіппіз. Айтпағым, солардың ішіндегі көпшілігі, өздерінің шыққан тегі, қазақ атауының киелі қасиетін аяқасты қылып, тексіз жұрттардай біздің де мәңгүрттенуімізді қалайтындай. Себебі сол оқымыстысымақтардың 100 мыңдайы жат тілді, тіпті біразы жат мүдделі…

Мысалға, неміс, ағылшын, орыс, француз т.б. милләттар ұлт атауының этимологиясынан, шығу тегінен мақұрым. Тегін білмеген соң басын қатырғысы да келмейді. Есесіне сол ұлттың өкіліміз деп, мағынасыз флективті ұлт атауына, мақтанышпен кеуде қағады. Содан барып тарихтары да өрескел бұрмаланып, еуроцентризмге ұрынған. «Дон Кихот» романының авторы Мигель де Сер­вантес (XVII ғ.) көрегендікпен «Кто искажает историю, тех надо судить так же строго, как фальшивомонетчиков», – депті. Алысқа бармай-ақ, іргеміздегі әумесер І Петр заманынан бастасақ, бұлардың меншіктеп, өздеріне теліп жүрген жыр-дастанының көбінде түрік халықтарының аңыз-әңгімелері, тарихы жатыр. Ұлы халықпыз деп «Игорь жасағы туралы жырды» (ХІІ ғ.) қаншама бұрмалап, өздеріне ыңғайлап көшіріп жазса да түркілік иіс бұрқырап тұр. Түпнұсқасы тығулы жатыр. Олай дейтінім, ХХІ ғасыр басында, осынау жырдың түпнұсқасы архивтен табылды деп, қуана сүйінші сұрап жер-көкке жария салғанымен, артынша көп ұзамай үн-түнсіз басылып қалды. Неге? Себебі, әрине, белгілі, ол жырды жарияласа өтіріктерінің арты ашылары хақ еді. Тіпті орыстардың батыры деп жүрген Илья Муромец – Фирдоусидің «Шахнамасындағы» Рүстем батырдың көшірмесі. Орыстардың сүйікті ертегісі «Еруслан Лазаревичі» де «Шахнамадан» алынған (Брокгауз, Ефрон энциклопедиясы, ХХХVI т., 1902). Солтүстік көршіміз осы күнге дейін өзін «Мы Иваны не помнящие родства» дейді. Рас қой! Шынында да, «Иван» – «Уан», «Ұған» деген көне түркі атауы. Және де тегін білмейтін орыстар жалғыз ба? Мысалы, португалдар осынау түркі атын – «Жоан», испандар – «Хуан», немістер – «Иоганн», финдер – «Юхан», поляктар – «Ян» … деп атайды. Ой салатын, толғандырар дүниелер.

Алексей Михайлович о дүниеге аттанған 1676 жылы орыс жұрты 16 млн-ға жетсе, оның баласы, император І Петр 1725 жылы қайтыс болғанда, саны күрт кеміп, 13 млн-ға құлдырады. Осынау үрдіске қарамастан, орыс халқының дүркірей, көпіре өсуі, айналасын жалмап, түркі халықтарын бас жоқ, көз жоқ зорлап шоқындырып, Иванов, Петров қылып жібергенінен дер едік. Тіпті кейін орыс патшасы ІІ Александр 1876 жылы 30 мамырдағы жарлығымен украин халқын орыстандыру мақсатында оларға ана тілінде сөйлеуге тыйым салды. Қар­сы болғандарын жер аударды. Қарашекпенділердің ішінде 564 138 мұсылман болғанына қарамай, оларға да көп қысым жасалды. Мына дерекке көз салыңызшы: «В XVIII-XIX веках на Дону было как бы два Дона – мужчины обязаны были говорить на русском языке (языке службы), а женщины по прежнему гуторили на родном тюркском языке… 9 сентября 1769 г. последовал приказ о замене национальной одежды казаков на русское обмундирование, чтобы они внешне не напоминали предков. Как шкуру сдирали с них… История сохранила сведения, как иные казаки (видимо мусульмане – К.Т.) падали голыми, валялись битые на земле, замерзали на снегу, но русское обмундирование «на себя не надевали»… (Аджи М. «Тюрки и мир»).

Осындайда орыс декабристерінің жетекшісі П.И. Пестель (1793-1826) айтқан мына ұстаным еске түседі: «Барлық ұлтты біріктіріп бір халық жасап, күллі елді мекенге орыс аттарын қоюымыз керек». Бұл қағидат тіпті бертін, тың игеру кезінде де кең етек алып, елімізде жаппай қазақ мектептері жабыла бастады. Оны айтасыз, егемен ел болдық десек те, өз ана тілімізде сөйлеткісі келмей, бізге қысым, бүлдіргі жасауын тоқтатар емес…

«…Массовые названия топонимов, которые встречаются в Челябинской, Курганской, Оренбургской, Саратовской, Новосибирской, Омской, Астраханской областей, и Алтайского Края, само происхождении Брянска, Воронежа, Пензы, Тулы, Кулунды, Тюмени, Барнаула и старинные тюркские захоронения до ХVII веков тому явное свидетельство» (М.Аджи).

Орыс болып жазылып кеткендердің ішінде жалғыз калугалықтар осы күнге дейін тегін бөріге жатқызады. Кешегі генерал А.Лебедь өз жұртының татар негізін әспеттеуі шындыққа жанасады. Өкінішке қарай, біздер орыс менталитетіне бас ұрып, барымызды жоқ қылғымыз келіп, «шаш ал десе, бас алғымыз келіп» тұрады. Осының бәрі жоғарыда айтқан шүлдірлеген оқымыстысымақтар мен қыртима қырттардың кесірі…

Немістер өздерін «дойче» деп атаса да, орыстар сөзін түсінбегендіктен оларды неміс (немой) деп кетті. «Якут» деп ат қойып, оларды шоқындырып Иванов қылса да, олар тектілігін танытып, саха ұлтымыз дейді. Хакастар да солай. Бізді де «киргиз – қайсақ» деп атаған.

Дегенмен «гүлдердің шырын нәрлерін бал ара ғана барлайды» (Фет) дегендей «саха», «хакас», «қайсақ» этимологиясынан көне сақ халқының өкілі екеніміз аңғарылады. Біздерді скиф, сармат, гүн, половцы т.б. деп атаса да, түркі халқының сақтардан тараған ізі, исі, тарихы менмұндалап тұрады. Оны ғылымның әр саласынан да аңғаруға болады. Сүйінбай Аронұлы (1815-1898) «Бөрілі байрақ көтерсе, қозып кетер қайдағым» деп, көнеден қанымызға сіңген дүниеден хабар беріп тұр ғой.

Зерттеуші А.Нарымбаева: «Присутствие в пиктографическом письме шумеров, одних лишь «саней» и колесницы прямо указывает, откуда пришла в Шумеры это письменность… Зачем им понадобились бы сани, где вечно царит лето? Причём как отмечает Эрих Церен, они в Шумерских погребениях представляли собой невероятно роскошную повозку… И так сани в Египте, сани в Двуречье, сани в Ханларе (Закавказье)… Народы Евразии связы­вало общее мировозрение и общий мир символов и представлений, которые сформировались в глубокой древности на их общей Родине – в древнем Туране», дейді. Осыған қарамай, қазақ оңа ма, киелі, шыққан тегін этимологиясын тәрк етіп, қайдағы «ақ қаздан» шығарғылары келіп, кейде «қашқындар» деп те атап қыңырая «атың шықпаса жер өртеге» салынып, тілі қышып тұрады. Миллиондаған ақ қаз тек Америка құрлығында ғана бар. Біздікінің «аққаз» деп отырғаны аққу болар.

«Тарихты лирик ақындар жазбау керек» деген ойды бір жерде оқығаным бар еді. Олар болса аққуды жер-көкке сыйғызбай нәзік сезімге беріліп мадақтап, «аққудай аппақ шырай, неткен көрік», «аққудай саңқылдайды», «аққу мойын» деп, сыртқы сұлулығын аспандата айтып тамсанады. Ал сол аққудың саны көлде неғұрлым көбейген сайын, үйрек, қасқалдақ, қаз ұя сала алмай, сормаңдай халге ұшырайды. Аққулар күн көрсетпей, оларды көлден қуып шығады. Аққудың мінез-құлықтарында іш-сырт бірлігі деген ұғым мүлде аңғарылмайды. Өзінен басқада шаруасы жоқ, айналасына зиянды топас, эгоист қатарында.

Қазір түркі тілдес елдер ішінде, қазақтың көнеден келе жатқан халық екені ғылыми дәлелденді. Көрнекті антрополог, академик Оразақ Смағұлов зерттеулерінде осыдан 4-5 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір сүрген тайпалардың гендік ерекшелігінің үштен бір пайызы бүгінгі қазақтың дене құрылысында сақталып қалғанын айтады. Яғни қазақтар популяциясында биоәлеуметтік ерекшеліктерінің тамыры осыншама уақыт үзілмеген (академик Р.Берсімбай). Содан барып, біздер дүниежүзі халықтарының қара шаңырағы, тегі, қазақ ұлтының тамырымен тікелей байланысты екенін аңғарғандықтан, әлем жұртын өзімізге бас игізудің орнына, кейбіреулердің тегімізді қайдағы «ақ қазға» байланыстыруы, бостан-бос оттап күйсеуі қаныңды басыңа шаптырып, намысыңа тиеді. Сонда олар «қас» сөзінен қашқақтайды білем. «Қас» деген сөз – нағыз, тым, өте, аса, қырағы, көреген, хас саңлақ деген ұғымды білдіретіндей. Мысалы, «Қас жүйрікте сын болмас, Қас сұлуда мін болмас» деген қазақи ұғымнан, «қас» сөзінің қасиетін аңғаруға болады.

Қазақ атауының төркіні «қас+сақ» сақтың сағы деген, бұрмалауға еш келмейтін агглютинативті ұғымды айна-қатесіз көрсетіп, бағзы заманның үні, қобыз сарынындай жүрегіңе жетіп, көкірегіңді қиялға жетелеп, рухыңды оятады. Батыры жауда, даналары дауда жүрген іргелі, ірі, ұлы қазақ халқы екенімізді көз алдыңа оралтады. «Қассақ» – қазақ атауында тарихымыз бен мәдениетіміз атой салып тұр.

«Известные ученые – русский А.Левшин, дойче А.Вамбери процесс консолидации тюркоязычных племен в казахскую народность относят к ІХ-Х вв. в Византийских, иранских источниках, того времени встречаются термины «казахия», «казах». Советские антропологи В.Гинсбург, Н.Залкинд утверждают существования антропологического типа казахов между VII-VIII и XII-XIV вв… По всей вероятности, процесс консалидации тюркоязычных племен в казахскую народность в канун монгольского нашествия был близок к завершению. Иначе не могло быть. Протоказахов знали Куманское царство и Парфия, Китай, Арабский халифат, Киевская Русь, Булгарское госу­дарство, Византия» (Таукенов К., «Небесные тюрки», 2017).

«…Степная сакская культура не является переосмыслением гречес­кой культуры… ибо греческая культура является вторичной, порождениями сакской степной культуры… Видимо, как ни говори а непревзойденной все-таки была и остается по сей день тюркская цивилизация… П.Савицкий, поставивший сакское искусство выше иранского и греческого, сказал: «… более совершенных и более современных (сверхсовременных!) вещей вообще нет в искусстве нашей планеты; кочевнический «звериный стиль» стоит выше всей греко-римской культуры!» (Гумилев Л. Судьба и идеи. Москва, 2007.С.220). Демек мәдениеті бар сақ дәуірінің мұрагері, мың өліп, мың тіріліп, кіндігі үзілмей, бүгінге жеткен қазақ елі­нің өркениетке қосқан үлесі, жетістігі деп білген жөн.

М.Аджи «Тюрки и мир» деген еңбегінде «Иранцы и индусы скифов знали под именем «сак», – дейді. Бұл күннің өзінде Иранның біраз қалалары мен ауылдарында түркі тілінде сөйлейтіндер аз емес. Аятолла Хомейни мен Хоменеидің тегі түрік екенін еске сала кетудің де артықшылығы жоқ. Бұл аз дегендерге, Брокгауз, Ефрон энциклопедиясының 1900 жылы жарық көрген XXVIIIА томында: «…Вследствие широкого распространения племени сак, это имя часть переносится на всех скифов а потому сведения, касающихся сакам, сбивчивы… Главная сила саков заключалась в коннице; Кроме того, они хорошо стреляли из лука и потому отряды, пополнявшиеся из саков, были лучшие в персидском войске… В походах участвовали и женщины… Как бродячее племя саки занимались скотоводством, преимущественно овцеводством» делінгені, «қас+сақ» – қазақ екенімізге дәлел, әрі бүкіл болмысымызды айқындап, мәлімдеп, соқырға таяқ ұстатып тұрғандай. Содан барып, көнеден бүгінге жетіп, әлем мойындаған, тәңірімізбен ұштасып жатқан көк байрағымызды аспандата, асқақтата желбіретіп, қазақы мемлекеттігімізді өрге жетелейік. Нағыз қазақ атын берік ұстанайық.

Қасым ТӘУКЕНОВ,

қоғам қайраткері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: