Сәрсенбі, 24 сәуiр, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жұлдыз жорамал 21 наурыз

21.03.2021

2133 0

Тоқты

Таңертең өте сақ болыңыз. Әсіресе берген уәделеріңізде тұруға тырысыңыз. Әйтпесе, ешкімге ешқандай уәде бермегеніңіз жөн.
Торпақ

Асықпаңыз. Барлық шаруада әбден ойланғаныңыз жөн. Жаңа идеяларды жүзеге асыруға асықпаңыз. Олардың көбі жақсы нәтиже бермейді.
Егіздер

Қандай жағдай болса да, сабыр сақтауға тырысыңыз. Қарбалас күн болады. Алайда ешқандай мәселе орын алмайды.
Шаян

Маңызды шаруаларды кейінге қалдырмаңыз. Оларды қаншалықты ерте қолға алсаңыз, соншалықты тез орындайсыз. Жаңа жобаларды тез игересіз.
Арыстан

Жаңа таныстарыңыздың бірі сіздің кеңпейілдігіңізді өз қызығушылығына немесе өз пайдасына жаратқысы келеді. Сондықтан сақ болыңыз.
Бикеш

Күнделікті тіршілік жалғасын таба береді. Күтпеген тосынсыйлар болуы мүмкін. Кездесулер кейінге қалдырылуы мүмкін.
Таразы

Әр қадамыңызды ойланып басыңыз. Сонда ғана дұрыс шешім қабылдай аласыз. Өздерінің нақты жоспарлары бар жандарға ғана бүгін сәттілік серік болады.
Сарышаян

Маңызды шаруаларды атқаруға және жаңа бастамаларды қолға алуға қолайлы күн. Ештеңені назарыңыздан тыс қалдырғыңыз келмейді.
Мерген

Жаңа іспен айналысқаныңыз жөн. Өз қызығушылығыңызды тауып, сол істі қолға алыңыз. Өзіңізге қажет ілімді тез ұғып, оны өз пайдаңызға жаратасыз.
Тауешкі

Бүгін көп адаммен кездесесіз. Не болмаса жиыналысқа қатысасыз. Ондағы адамдармен тез тіл табысып, алдағы жоспарларыңызбен бөлісетін боласыз.
Суқұйғыш

Бүгін жағымды тосынсыйлар күтіңіз. Барлығы сіз ойлағандай қиын емес, керісінше әлдеқайда оңай. Ол үшін өзгелерден көмек сұраңыз.
Балықтар

Бүгін жұмыс көп, сондықтан күн тәртібі өте тығыз болады. Көздеген мақсатыңызға жету үшін құр қол отыруға болмайтынын жақсы білесіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: