Жұма, 22 қараша, 12:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Өміріңізді өзгертетін 10 қағида

29.07.2023

636 0

          Өмірді қағидаға толы деуге келмейді Бірақ кейбір заңдылықтар жақсы өмір сүруге септігін тигізеді. Солардың он түрін сізге ұсынып отырмыз, оқып көріңіз, сіздің де ойыңыз өзгерері анық. 

1. Егер бір адамды жақсы көрсеңіз, оның жеке өміріне араласпайсыз. Оның өмір сүру шеңберіндегі шекарасынан аттамауыңыз керек. 

2. Сезімді қалай оятамын деп ойлаудан құтылыңыз. Сәті келеді. «Алаған қолым береген» сөзін нық ұстаныңыз. Жомарттық таныта отырып, өзіңізге көп нәрсе ала аласыз. 

3. Өмір сүруді бастаңыз. Өмір сүруге дайындалмаңыз. Болашақ деп отыруды қойыңыз. Бүгінді болашақ деп таныңыз. 

4. Өмірдегі барлық келеңсіздік әр нәрсеге бейжайлық танытып, ұмытып кетуіңізден басталады. Мәселен өмірді қалай сүру керектігін ұмытпаңыз. 

5. Егер өмір сүргіңіз келсе, мына нәрсені есіңізде тұтыңыз: кез келген дүниені қалай бар, солай қабылдаңыз және өзіңізде де солай қабылдатуға тырысыңыз. 

6. Егер бай болсаңыз «баймын» деп тасымаңыз. Кедей болсаңыз кедейлігіңізді ешқашан шынайы қабылдамаңыз, өмірде бәрі де уақытша. 

7. Көп қателік жасауға тырысыңыз, бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: бір қателікті екінші рет жасаудың қажеті жоқ. Түрлі қателік орын алған сайын шыңдала түсесіз.

8. Есіңізде болсын, еркіндік – бұл ең құнды дүние. Егер махаббат еркіндікке апармаса, онда оны ұмытыңыз, ол махаббат емес. 

9. Әрқашан біреу біреуді оқытумен келеді. Бірақ ешкім әлі қанағаттанған емес. 

10. Сіз келеңсіз мәселе тудырудың шеберісіз… бірақ есіңізде болсын, бір күні мәселе де аяқ асты жоқ болып кетеді. 

          Тек біз ұсынған он қағида емес, өзіңіз де жоспар жасап, сол жолмен жүруге үйреніңіз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: