Жұма, 08 қараша, 03:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

«Пышақсыз операция»: Оразаның пайдасы туралы шетелдік ғалымдар айтты

22.04.2021

2243 0

Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдарының зерттеуінше, ораза жас адам түгілі, қарт адамдардың да иммундық жүйесін қалпына келтіреді екен. Ол ағза жасушаларына жаңа ақ қан клеткаларын шығара бастайды. Ал ақ қан клеткаларының негізгі қызметі – инфекциямен күресу екені белгілі. Сондықтан да кейбір дәрігерлер химиотерапия қабылдаған адамға ораза ұстауға кеңес береді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасында айтты.

«Адамның жүрегінің жұмысы жақсарады.  Бір ай бойы, ол былай қарағанда демалады. Мидың жасушалары да жасарады дейді. Мына мидың жасушалары жақсарған сайын, адам баласының көңіл күйі көтеріледі. Аштық арқылы холестеринің мөлшерінің азаюының себебінен аурулардың алдын аламыз немесе бір ыдысты шлактан тазартқан сияқты, біз де денеміздегі токсинді ораза арқылы тазартады екенбіз», – дейді ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов. 

Оразаның пайдасын дәлелдеп Нобель сыйлығын иеленген Жапондық Ёсинори Осуми: «ашығу, яғни ораза ұстау расында ішкі ағзаны тазалайтынын» дәлелдеген. Ғалым «Аутофагия механизмін» яғни ,тәжірибе жасау арқылы аутофагқа жауап беретін гендерді шығарды. Оның сөзінше «аутофагия ағзаны ерте қартаюдан сақтайды». Тіпті, жаңа жасушалар тудыратындықтан ағзаны жасартуы да мүмкін. 

«Ас қорыту жүйесін жақсартады. Аш қалу мен сол аштық кезінде тамақтар толық қортылады немесе тамақ болмаған соң іштегі май секілді нәрселер өзін-өзі жеп, қорытып, сыртқа шығады. Сонымен қатар бұл денедегі сұйықтық мөлшерінің балансын жүйелендіреді», – дейді ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов. 

Нақты ғылыми деректерге жүгінсек, ораза ұстаған адам алдағы бір жылына жететін заряд, яғни қарқын алады екен. Сонымен қатар ораза кезінде ағзадағы тоқ ішек, бауыр, бүйрек, өкпе, лимфа бездері мен тері токсиндерден тазарады. Тек басты назар аударатын жайт, ауызашар уақытында асқазанға ауыр тамақтардан бас тартқан жөн.

«Күйген нәрсемен немесе қуырылған нәрсемен ауыз ашуға болмайды. Өйткені ашқарынға күйген нәрсе қиындау. Демек бірденнен тойып алу емес, ол жерде  бір-екі құрмамен, шөлімізді қандырып, кейін намазға тұрамыз.  Міне осындай арада үзіліспен, ыстық тамақта да сұйық тамақтар болса, ал енді сәресіне қарай, дұрыстап, жақсы бір тамақты жеп, ішіп, ауызды бекіту керек болады», – дейді Хасан Аманқұлов. 

Оразаның пайдасын зерттеген Неміс зерттеушілері оразаны екі-ақ сөзбен «Пышақсыз операция» деп атаған екен. Ал батыстық зерттеуші Жозеф Чепач ораза туралы мақала жазу үшін 1 айдан астам уақыт ораза ұстап көрген. Оның пікірінше, ораза Ислам мемлекеттерінен тысқары елдерде де өте тез тарауда. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдар зерттеу үстінде, әрі аурулардың алдын алу үшін науқастарға ораза ұстау керектігін айтатын дәрігерлердің саны да күн өткен сайын көбейе түсуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: