Сейсенбі, 26 қараша, 01:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қаржы жорамалы: 2023 жылы сізді қандай табыс күтіп тұр?

05.01.2023

1089 0

Фото: sibkray.ru

Әрине, жұлдызнама бойынша жұлдыз жорамалға сену-сенбеу мәселесін әркімнің өзіне  қалдырамыз. Дегенмен оқимын деген адамға жұлдызнама бойынша 2023 жылға арналған қаржы жорамалын ұсынбақпыз.

Тоқты (21.03 – 19.04)

Жылдың басында тоқтыны үлкен өзгерістер күтуі мүмкін. Ескі табыс көзі бұрынғыдай кіріс әкелмеуі мүмкін. Сондықтан сізге басқа кіріс көзін іздеген жөн және бұл қадамның сіз үшін сәтті болу мүмкіндігі өте жоғары. Жаңа кіріс көктемнің алғашқы жартысында пайда болуы мүмкін. Жаңа кәсіп меңгеруді көздеп жүрсеңіз, сіз үшін ІТ саласы өте қолайлы тәрізді. Ақшаңызды экономикалық жобаларға, осы бағыттағы инвестицияға салғаныңыз дұрыс. Ал, табысыңыздың шарықтау шегі қыркүйек пен қараша айларының арасында болмақ.

Торпақ  (20.04 — 20.05)

Торпақ  үшін 2023 жыл табыс тұрғысынан ерекше жаңа ештеңе әкелмейді. Қаржы тұрақтылығы жыл бойы бір қалыпты байқалады десек те болады. Дегенмен 2024 жыл өнімді әрі табысты болу үшін жаңа дүниелерді үйренуге ұмтылған жөн. Жаздың соңы, күздің басында, бір қарағанда, табысы мол ұсыныс түсуі мүмкін. Бірден «атойлап» кіріп кетпеңіз. Шешімді алды-артыңызды ойлап барып жасаңыз.

Егіздер (21.05 – 20.06)

2023 жылы бизнесі бар егіздер өз ісіне инвестор тарту мәселесін қолға алғаны жөн. Көктемнен басталған қарбалас жұмыс жаздың аяғына дейін жалғасады. Күзде өз-өзіңізге демалыс бергеніңіз абзал. Ал, бизнесі жоқ егіздерге бизнес бастап кетуге қолайлы жыл дегіміз келеді. Егер барлығын ақылмен істейтін болсаңыз, жыл соңында қомақты қаржымен жаңа жылды қарсы аласыз.

Шаян (21.06 – 22.07)

2023 жылы шаян үшін де қаржылық тұрғыда тұрақты болады. Табыс айтарлықтай өспеуі мүмкін. Бірақ аш та қалмайды. Басқа адамдар табысты қалай тауып жатқанына назар салып, олардан біраз дүниені үйренгеніңіз жөн. Болашақта бұл сіздің табыс деңгейіңізді арттырады. Әріптестеріңізбен, серіктесіңізбен артық сөзге келмеңіз.

Арыстан (23.07 – 22.08)

2023 жылы арыстандар табыс деңгейін айтарлықтай арттыра алады. Максималды жетістікке жету үшін тек қаржыңыз бен жұмысыңызға ғана емес, басқа адамдардың не істеп жатқанына да назар аударыңыз. Арыстандар өздерінің жақын ортасынан үлгі алып, мысалы, мамандығын өзгертсе, сәттілік келеді. Жылдың екінші жартысында лайықты табыс табуға уәде беретін адам пайда болады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Өзара келісімге келсеңіздер, табысыңызды бірнеше есе арттыруға болады. Жылдың соңына қарай қымбат сыйлыққа, марапатқа ие болуыңыз мүмкін. Кәсіп ашуды ниет еткен арыстан үшін ең қолайлы айлар – ақпан, сәуір, қыркүйек.

Бикеш (23.08 — 22.09)

Бикештер үшін 2023 жылдың ең табысты айлары — сәуірден қыркүйекке дейінгі кезең. Қалған уақытта маңызды шешімдер қабылдау, жұмыс орнын өзгерту, жобаларға көп ақша салу, несие алу секілді дүниелерден аулақ болған жөн.  Бар жүкті өзіңізге арта бермеңіз. Әріптестеріңізбен жауапкершілікті тең бөліскен жөн. Ақшаңызды үнемдеңіз. Ең жақын деген адамдарыңыздан ғана қарыз алғаныңыз абзал. Жыл соңында сізге біреу сый жасауы мүмкін. Бірақ ол сыйдың артында жауабын жасауға итермелейтін дүние болуы мүмкін. Әр қадамыңызды есептеп басқаныңыз абзал.

Таразы (23.09 – 22.10)

Таразы айдың тұтылуы кезінде қаржылық жағынан табысқа кенеледі. Дәл осы кезеңде жұлдыздар қызықты жобаларға инвестиция салуды, жылжымайтын мүлікке инвестиция салуды, банк депозиттерін ашуды ұсынады. Қанша жерден табысы мол ұсыныс болса да, жұмысыңызды өзгертпегеніңіз жөн. Жаңа жұмыстың табысы көбірек болғанымен, сіз үшін қызықсыз болады. Ақырында тез жалығып, ол жерден кетуіңіз ықтимал. Жаздың басында қосымша табыс көзі пайда болуы мүмкін. Табыстың артуы жақын-жуықтың қызғанышын тудыруы мүмкін. Сондықтан да  ешкімге көп көлемде қарыз бермеңіз.

Сарышаян (23.10 — 21.11)

2023 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейінгі аралық сарышаян үшін қаржы саласында мүмкіндігінше сәтті айлар деп болжанып отыр.  Табыс қазіргі жұмыс орнынан келеді. Егер сіз ұстамдылық танытып, саналы шешім қабылдасаңыз, мұны басшылығыңыз байқайды және жаздың басында кіріс өседі. Қыркүйек-қазан айларында депрессияға ұшырауыңыз мүмкін. Мүмкіндігінше жылдық демалысыңызды осы екі аралықта алып, жұмыстағы мәселелерге терең бойламағаныңыз жөн. Жыл соңында басшылық тарапынан қомақты сыйақы алуыңыз бек мүмкін.

Мерген (22.11 – 21.12)

Бұл жыл мерген үшін айтарлықтай өзгеріссіз өтеді. Қаржылық тұрақтылығыңыз сақталады.  Табысыңыз тұрақты болатындықтан, сізге жаңа қызмет саласын меңгеруге, біліктілікті арттыру курстарына баруға болады. Болашақта бұл мансап сатысымен жоғары көтерілуге ​​септігін тигізеді. Сәуір-мамыр айында ешқандай да депозитке, я болмаса бизнес идеяға қаржы салмаңыз. Жақын  достарыңызға, туыстарыңызға қомақты ақша беруден сақ болыңыз. Сіздің мейірімділігіңізді пайдаланып, қайтармай кетулері мүмкін.

Тауешкі (22.12 – 19.01)

Бұл – сіздің жыл. Сәттілік барлық жерде және әрқашан сіздің жаныңызда еріп жүретіндей. Жылжымайтын мүлік алуды жоспарладыңыз ба? Көзді жұмып, осы шаруаны бір жақты қылыңыз. Сәттілік сіз жақта екенін естен шығармаңыз. Көктемде негізгі жұмысыңыз қосымша жоба ұсынады. Бұл – сіз үшін табысты сәт. Бірақ осыншама жүктемені бір өзіңіз алып жүруіңіздің соңы жүрегіңізге салмақ түсіруі мүмкін. Сондықтан да қыркүйек айында бір демалып алған жөн. Демалыстан соң аттай шауып, мол қаржы тауып, бұл жылды көңілді нотада аяқтайсыз.

Суқұйғыш (20.01 – 18.02)

Салыстырмалы тұрғыда бұл жыл сіздің өткен жылдарыңызға қарағанда, ең табысты жыл болмақ. Сізді жаңа өзгерістер, өмір салтыңызды өзгерту және нарықта құнын жоғалтпайтын әлдебір дүниені сатып алу күтіп тұр. Табысым өсті екен деп, ақшаны бей-берекет жұмсап, тиімсіз салаға ақша құймаңыз. Жыл соңына таман жоспарлаған шетел сапарыңызға бара алмай қалуыңыз да мүмкін.

Балықтар (19.02 – 20.03)

Балықтар үшін 2023 жыл маусымнан қыркүйекке дейін қаржылық жағынан табысты болмақ. Дәл осы кезеңде қосымша табысыңыздың мөлшері артпақ. Шілде-тамыз айларында жақын ортадан тиімді ұсыныс түсуі мүмкін, бұл қаржылай оң әсерін бермек. Жыл бойына белсенді жүру, қаражатты инвестициялау, банкте депозиттер ашу секілді дүниелерден бас тартпағаныңыз жөн. Жыл соңында ысырапшылдыққа ұрынбаңыз. Қазаннан желтоқсанға дейін қысқа үзіліс жасап, бір ғана жұмыс орнымен шектелген дұрыс. Қосымша іспен айналысуды бұл аралықта екінші кезекке ысыра тұрған жөн.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: