Сенбі, 28 желтоқсан, 00:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты

01.03.2021

1218 0

Синоптиктердің болжамынша, наурыз айында ауа температурасы күрт өзгеріп, айдың басында ауа райы құбылмалы болады.

Қазгидромет наурыз айына консультативтік ауа райы болжамын жариялады.

«Еліміздің көптеген аймағына күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Консультативтік болжамға сәйкес, наурызда елдің басым бөлігінде циклондардың өтуімен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен ауа температурасының жоғары фоны күтіледі», – деп болжап отыр синоптиктер.

Қазақстанның басым аумағында орташа айлық температура нормадан 1°C жоғары, республиканың солтүстік-батыс бөлігінде ғана норма шамасында болжанады.

Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгеруі мүмкін.

Қазгидромет ақпаратынша, наурыздың басында белсенді циклондардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жаууы мүмкін, жел күшейеді (солтүстік жартысында бұрқасынмен), тұман және көктайғақ болжанып отыр. Елдің оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады.

Бірінші онкүндікте ел аумағында ауа температурасы құбылады: солтүстік жартысында оң таңбалыдан теріс таңбалы мәндерге дейін, оңтүстік жартысында +10…+15°С-тан 0…+7°С дейін, елдің батысы мен солтүстік-батысында -3…-10°С-тан -1..+6°С дейін.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: