Сенбі, 28 желтоқсан, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тамақ жегенде тіс ауырса: дәрігерлер қатерлі ісік туралы ескертті

18.11.2022

1570 0

Кейде тіс дәрігерлері емес, мүлдем басқа мамандықтардың дәрігерлері тіс ауруынан құтылуға көмектеседі. Ең бастысы – алаңдататын симптомды уақытында байқап, тексеруден өту. Тамақ жегенде тісіңіз ауырса, онкологқа көріну керек болуы мүмкін.

Бұл белгі қандай аурулар туралы айта алатынын анықтайық.

Тіс ауруының ең айқын себебі – кариес және онымен байланысты мәселелер: тіс жегі, гингивит, тіс абсцессі.

Кариестің басқа белгілері:

• Қысымды сезіну;

• температураға сезімталдық;

• тамақ жегенде тістің ауруы;

• жағымсыз иіс;

• бас ауруы.

Кариесті ұзақ уақыт бойы емдемей жүруге болмайды? Бұл ауру сіз ойлағаннан әлдеқайда қауіпті. Егер ол асқынса менингит, мидың қабынуы дамуы мүмкін.

Ауыз қуысының қатерлі ісігі

Бір қарағанда зиянсыз тіс ауруы қатерлі ісіктің хабаршысы болуы мүмкін. Әрине, ауыз қуысының қатерлі ісігі кең таралған ауру емес. Бірақ, сіз 40 жастан асқан ер адам болсаңыз, темекі шексеңіз, алкогольді көп ішсеңіз оны ескеруге болмайды.

Оның белгілері:

• бірнеше апта бойы кетпейтін ауыз жаралары;

• ауыз қуысындағы ісіктер;

• лимфа түйіндеріндегі ісіктер;

• дауыстың өзгеруі немесе сөйлеу кезіндегі қиындық;

• кездейсоқ салмақ жоғалту;

• қан кету.

Самай-төменгі жақ буынының аурулары

Дәрігерлер бұл буынды біздің денеміздегі еңқиын буынның бірі деп санайды. Ол төменгі жақтың қозғалысына жауапты. Егер бұл жүйе қандай да бір себептермен жұмысын тоқтатса, адам қатты ыңғайсыздықты сезінеді.

Жазатайым оқиға немесе жаттығу, күйзеліс, фибромиалгия кезінде жарақатта пайда болуы мүмкін, деп жазады ETNT.

Оның басқа белгілері:

• бас ауруы;

• ауызды ашқанда жақтың «қытырлауы»;

• есінеу кезінде жақтың ауруы.

Мұрын қуысының қабынуы

Егер сізде гайморит немесе аллергия болса, тістеріңіз де ауыруы мүмкін. Кейбір адамдарда жоғарғы жақ тістердің түбірлері мұрын қуысына жақын орналасады, сондықтан қуыстар ісінсе, қысымнан тістер ауырады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: