Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тершеңдік бұл аурудың белгісі

16.07.2023

8936 0

Қатты терлеу дененің аптапқа немесе күйзеліс табиғи реакциясы болуы мүмкін. Бірақ қатты терлеу салқын бөлмеде және қалыпты жағдайда байқалса, бұл гипергидроз деп аталатын ауру болуы да мүмкін. Мұндай кезде дәрігер кеңесіне жүгінген дұрыс, ал ыстықта терлесеңіз, онда сізге қарапайым әдістер көмектесе алады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гипергидроз деген не?

Гипергидроз – терлеу жүйесінің функционалды бұзылысынан туындаған шамадан тыс терлеу. Ол бүкіл денеде немесе кейбір жерлерде көрінеді. Бұл ауру жағымсыз эмоционалды жағдайда, яғни күйзеліс кезінде, қатты қобалжығанда немесе физикалық белсенділік жоғарылағанда күшеюі мүмкін.

Аурудың бірнеше ауырлық дәрежесі бар. Адам бірінші, ең жеңіл дәрежені ауру ретінде мүлдем елемейді, сәйкесінше емделуге қатысты ешқандай әрекет жасамайды. Қатты терлеу табиғи себептерге байланысты да болады. 

Аурудың кезеңдері

  • І дәреже. Бұл кезеңде қатты терлеу байқалмайды және қалыпты өмірге кедергі келтірмейді.
  • ІІ дәреже. Белгілі бір ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Гипергидроздың ІІ дәрежесі салыстырмалы түрде оңай өтеді.
  • ІІІ дәреже. Қатты терлеу үлкен қолайсыздықтар тудырады.
  • ІV дәреже. Адамға күнделікті өмір сүруге айтарлықтай кедергі келтіреді, қарым-қатынаста қиындықтар туғызады, бұл психологиялық проблемаларға, мазасыздыққа әкеп соғады. Дененің кейбір жерлерінде қызару, ісіну, ауырсыну пайда болуы мүмкін. 

Сондықтан гипергидрозға жеңіл қарамау керек, мұндай жағдайда дерматологқа алдын-ала жазылып, маманнан кеңес алған дұрыс. Өйткені қатты терлей берсеңіз, бұл құбылыстың себебі әртүрлі аурулардың болуын көрсетуі әбден мүмкін. 

Не істеу қажет?

Қатты тершең болсаңыз, бірақ денсаулығыңызға қатысты айтарлықтай мәселе болмаса, тершеңдіктен құтылудың қарапайым жолдары бар. Қарапайым жағдайда мына кеңестер көмектесуі мүмкін:

  • Күн қатты түсетін жерлерден аулақ болыңыз

Күн қатты ысып кеткенде, дене тез қызып кетеді. Осылайша, тершеңдіктің жоғарылауына әсер етеді. Мұндай кезде көлеңкеде тұрып, ұзақ уақыт күн сәулесінің астында болмау керек.

  • Синтетикадан бас тартыңыз

Жазда синтетикалық өнімдерге (нейлоннан, полиэстерден) алданбаңыз, олардың әдемі көрінісі мен арзан бағасына қарамастан, синтетикалық киімдер ауа өткізбейді. Мұндай материалдар қатты терлетеді. Жазда мақта, зығыр, жібек киген дұрыс.

  • Жиі душ қабылдаңыз

Су денеге кез келген жағынан пайдалы, сондықтан жиі душ қабылдауды ұмытпаған дұрыс.

  • Тамақ таңдауда талғампаз болыңыз

Ерлер мен әйелдерде шамадан тыс терлеу ыстық, ащы, майлы тағамдарды жегеннен кейін пайда болуы мүмкін. Сарымсақ пен пиязды шектеген дұрыс, өйткені олар терге жағымсыз иіс береді, ал қантты балмен алмастыруға болады.

  • Кофе мен газдалған сусын азайтыңыз

Кофеин жүрек соғысын күшейтетін стимулятор болғандықтан, оны тұтынғаннан кейін адам қатты терлейді. Сондай-ақ, газдалған сусындарды шектеген дұрыс, олар шөлді қандырмайды, керісінше денені сусыздандырады.

  • Ұйқыға көңіл бөліңіз

Ұйқы дұрыс болмауы күйзеліс тудырады, осылайша адреналин бөлініп, терлеуді күшейтеді. Толық ұйықтау үшін шамамен 8, кем дегенде 6 сағат ұйықтау керек.

  • Темекіні тастаңыз

Өкпенің қалыпты жұмыс істемеуі адамның тершеңдігіне тікелей әсер етеді, себебі темекі шегу кезінде өкпеге жүктеме артады және никотин токсикациясы пайда болады. Бұл эндокрин жүйеде ақаулар тудырады. Қатты терлеудің себептерінің тізімінде эндокрин аурулар да бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: