Қыста аяздан сақтану жолдарын және бұндай жағдай орын алса не істеу керегін Төтенше жағдайлар министрлігі жазды. Үсікке шалдықпау үшін қарапайым ережелерді сақтау керек.
Алкоголь ішпеңіз – алкоголь ішу ағзадағы жылудың жойылуын тудырады. Бұл дегеніміз адам ауа райының қаншалықты суық екеніне мән бермейді;
Суықта темекі шегуге болмайды – темекі шегу перифериялық қан айналымын азайтады, осылайша аяқ-қолдарды осал етеді;
Суықта қолғапсыз, бас киімсіз және орамалсыз жүрмеңіз. Желді суық ауа райында, көшеге шықпас бұрын, дененің ашық жерлерін арнайы креммен майлаңыз;
Суықта ұзақ серуендеп үйге қайтқанда міндетті түрде аяқ-қолдың, арқаның, құлақтың, мұрынның үспегеніне көз жеткізіңіз;
Серуендеген кезде бір сәт жылы жерде (үкенге, кафеде, үйде) жылынып алыңыз.
Көлігіңіз елді мекеннен алыс немесе бейтаныс аймақта тоқтап қалса, көлікте қалып, көмек шақырғаныңыз немесе жолда басқа көліктің өткенін күткеніңіз дұрыс;
Желден қорғаныңыз – желді күні үсік шалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары;
Суықта ұзақ серуендеу үшін ауыстыратын шұлықтарды, қолғаптарды және ыстық шайы бар термосты алу пайдалы;
Балаларда дененің терморегуляциясы әлі толық жойылмағанын есте ұстаған жөн. Сондықтан баланы көшеде суықта серуендеуге жіберіп, оны әр 15-20 минут сайын жылыту жөн екенін есте сақтаңыз;
Апат болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!