Сенбі, 20 сәуiр, 01:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жұмысынан жалыққандарға кеңес

14.01.2023

465 0

Өзіңізді ағысқа қарсы жүзген балықтай сезінген сәтіңіз болды ма? Ағысқа қарсы жүзуге бар күшіңізді салсаңыз да алып толқын сізді кері шегіндіріп жібере ме? Күндердің бір күнінде бар жан-тәніңізбен қалап оқыған мамандық, жүрек қалауыңызбен орналасқан жұмысыңыз түкке тұрғысыз нәрсе сияқты болып қалатын кезіңіз бола ма? Сонша жыл армандап қол жеткізген қызметіңізден не себепті жалығып кеттіңіз?

Жұмысыңыздан жалығудың үш себебі:
– эмоциялық әсер ала алмай қалу;
– қалаған жетістікке жете алмау;
– істеп жүрген жұмысыңыздан мән көрмеу.

1-кеңес. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз

Ең алдымен – тән саулығына мән беріңіз. Теледидарға телмірмеген, ұялы телефонды қолға алмаған күйде қашан тамақтанғаныңыз есіңізде ме? Қашан жаттығу жасадыңыз? Фасфудтан қашан бас тартып, қашан пайдалы тағам жедіңіз? Ұйқыңыз қанып жүр ме? Осыған мән беріңіз.

2-кеңес. Мына 6 саланың қайсысы сізге ыңғайсыздық тудырып жүргенін анықтаңыз.

• Жұмыс жүктемесі көп. Жұмысыңыз бастан асады, сондықтан бойыңызды бос ұстауға уақыт жоқ.

• Бақылау жоқ. Өз міндеттеріңізді уақытылы орындай алмай жүргеніңізді сезесіз. Уақытты тиімді пайдалана алмайсыз.

• Марапат жоқ. Басшылық сізді не қосымша ақы төлеу арқылы, не мақтау сөз айту арқылы ынталандыра алмайды.

• Әділдіктің жоқтығы. Ұжымыңыз Сізге өшпенділікпен қарайды немесе сізге әділетсіз қарым-қатынас жасайды.

• Ұжымнан қолдау болмауы. Қолдау былай тұрсын, әлдебір әріптесіңіз сатқындық жасап аяғыңыздан шалып жүр.

• Өзіңіздің ұстанымыңызға қарсы жұмыс істейсіз. Мысалы бастықтың тапсырмасын орындау үшін үйге қайтатын уақытта да жұмыста отырасыз.

Осылардың қайсысы кең тыныс алып, беріле жұмыс істеуге кедергі жасайды? Осыны анықтап алыңыз.

3-кеңес. Болашағыңызға көз жүгіртіңіз.

Жұмыстан жалыға бастауға қарама-қарсы ұғым – жұмыс істеуге құштарлық. Жұмысқа деген құштарлықты ояту үшін не істеу керек? Қай жерде жұмыс істегіңіз келеді, елестетіп көріңіз. Керемет жерде жұмыс істеп отырғаныңызды елестеткен кезде басыңызға қандай ой келеді? Өзіңіз үшін өзіңіз шешім қабылдай алатын болсаңыз – қандай сезімде боласыз?

4-кеңес. Жұмысқа деген құштарлықты ояту керек.

Жұмысқа деген құштарлықты ояту үшін не жетіспей тұрғанын анықтағаннан кейін не өзгерте алатыныңыз туралы ойланыңыз. Бәлкім сіз істеп жүрген жұмыс сіздің құндылықтарыңызға қарама-қайшы шығар? Жұмыс орныңызда өзгеріс енгізуге мүмкіндік бар ма? Мысалы өзіңіз жұмыс істейтін компаниядағы басқа бөлімге ауыса аласыз ба? Жұмыс кестесін өзгертіп, қашықтан істейтіндей мүмкіндігіңіз бола ма? Жұмысқа қатысты мәселе әлеуметтік сипатқа ие болса – онда ұжымның жұмысын тұтастай өзгертуге болатын ұсыныс айта аласыз ба? Мұндай мүмкіндік болмаса 5-кеңесімды оқыңыз.

5-кеңес. Қазіргі жұмысыңызға өзгеріс енгізу мүмкіндігі болмаса – маңызды шешімдер қабылдаңыз.

Мүмкін жұмыс орныңызда ауыстыру керек шығар, мүмкін бұрынғы жұмыс орныңызға барғаныңыз дұрыс болар? Дұрыстап ойланыңыз.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: