Жұма, 19 сәуiр, 03:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Тырнақты гель-лактан соң қалай қалпына келтіруге болады?

01.01.2023

586 0

Қазір тырнақты боятып, сол қалпында 3 апта бойы жүруге мүмкіндік беретін ең ыңғайлы әдіс — гель-лак. Бұл процедурадан соң қолыңыз ұзаққа дейін күтімді көрінеді, ал лак келесі күні кетіп қалмайды. Бірақ гель-лактың өз кемшіліктері бар. Кей адамдарға ол, тіптен, келмеуі мүмкін: мысалы, тырнағыңыз жұқа және сынғыз болса, онда шеллакпен мұқият болу керек. Гельді қаптаманы дұрыс алмау да тырнақты құртып жіберуі мүмкін. Оны салонда емес, үйде өзіңіз алған кезде сондай жағдай жиі орын алады. Гель-лакты алғаннан кейін тырнақтың өте әлсіз болып кеткенін байқайсыз. Оны қалай қалпына келтіруге болады?

Гель-лакты алу кезінде тырнақтың беткі қабаты кесіледі. Ал ол — тырнақтың қорғаныш қабықшасы. Сондықтан тырнақ жұқа, сынғыш бола түсіп, қабыршақтануы мүмкін. Оны болдырмас үшін тырнақты арнайы құралмен қатайту керек. Ол емдік лактар, биогельдер немесе дәрумендері бар арнайы сарысулар болуы мүмкін. Емдеу кезінде тырнақты басқа лактармен боямай күте тұрыңыз.

Ванна жасау

Емдік ванналар тырнақты қажетті дәрумендермен қанықтырады және оған қалыпқа келуге көмектеседі. Оған теңіз тұзын, А және Е дәрумендерін, эфир майларын қосыңыз. Су міндетті түрде жылы болуы керек, пайдалы заттар буға ұсталынған теріге жақсырақ сіңеді. Мұндай ваннаны аптасына екі рет жасау керек.

Сірқабыққа күтім жасау

Бүкіл тырнақ саулығына көп жағдайда сірқабық жағдайы әсер етеді. Сондықтан оны жүйелі түрде ылғалдандыруды ұмытпау керек. Оны тек тырнақты емдеу кезінде емес, жалпы пайдалы әдетке айналдырған жөн. Бұл мақсатта Е дәрумені негізіндегі түрлі арнайы майлар жақсы келеді. Оны тек сірқабыққа жағып, уқалау жеткілікті.

Парафиндік терапия

Парафиндік терапия тырнақтарды емдеп қана қоймай, қол терісін құнарландырып, қартаю процесін баяулатады. Бұл процедураны салонда да, үйде де жасауға болады. Қыздырылған парафин тырнақ пен теріні қажетті микроэлементтермен қанықтырады.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: