Сейсенбі, 30 сәуiр, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Директор қалай тағайындалады?

15.02.2022

1220 0

Мектеп директорларын тағайындауға да жаңа өзгерістер енгізіліп отыр. Енді мектеп басшылығына кез келген адам барып отыра алмайды. Ол осы саланың отымен кіріп, күлімен шыққан, ыстық суығына төзетін саланың қыр-сырын толық меңгерген майталман маман болуы шарт. Оның өзі конкурстық негізде қызметке орналасады. ҚР БҒМ толықтырулар енгізілген бұйрығында білім беру ұйымының бірінші басшысының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған кезде бес жұмыс күні ішінде білім басқармаларына конкурс өткізу туралы өтініш жібереді. Бірінші басшының лауазымына тағайындауға арналған конкурсты білім басқармасы жариялайтын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова айтты.

«Конкурс рәсімі бірқатар кезеңдерді қамтиды, қатысушы 100 сұрақтан тұратын тестілеуге қатысады. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер тестілеуден өткеннен кейін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді. Ал «Білім-инновация» лицейінің бірінші басшысының лауазымына үміткерлер тестілеуден, қамқоршылық кеңеспен келісуден босатылады және «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен әңгімелесу нысанында келісуден, сондай-ақ мемлекеттік органның комиссиясының отырысында әңгімелесуден өтеді. Сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының бірінші басшысының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидаттар тестілеуден өткеннен кейін министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әңгімелесу нысанында келісудің қосымша кезеңінен өтеді», – деді басқарма басшысы.

Конкурс қорытындысы бойынша сайланған мектеп директоры жаңа қызметке бес жыл мерзімге тағайындалады. Сонымен қатар білім саласында сапаны қаматамасыз ету үшін барлық білім ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан 5 жылда бір рет өтетіні белгілі болды.

«Биыл мемлекеттік аттестаттаудан өтуге 149 мемлекеттік балабақша, 30 мектеп, 7 колледж жоспарланып отыр. Ал жекеменшік білім нысандары келер жылдан бастап аттестацияланады», – деді облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова.

Брифинг барысында мектеп басшыларын ротациялаудың тиімділігі туралы да айтылды. Білім беру ұйымында 4 жыл жұмыс атқарған басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады. Егер басшы сол ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: