Дүйсенбі, 22 шiлде, 22:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

22.03.2022

1578 0

Баршаңызды бүкіл Шығыс халқына ортақ мейрам, ғасырлар қойнауынан бастау алып, ата дәстүрімізге айналған, сан түрлі ұлттардың бауырластығына арқау болған – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!


Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні, күн мен түннің теңеліп, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі!
Наурыз – жаңарған қазақ елінің кешегісі мен бүгінін, ертеңі мен болашағын жалғастыратын, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын, арман тілектерімізді айтып жаңаша жоспар құратын ерекше мерекесі.


Наурыз – ел тарихының айнымас бір бөлшегі, мәдениетіміз бен дәстүріміздің киелі бастауы.


Жасампаздықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы, бабаларымыздың ақ батасы мен өнегелі дәстүрдің көрінісі көктем мейрамы – Әз-Наурыз баршаңызға ырыс, несібе әкелсін. Жанұяларыңызға жылылық сыйласын.


Айналамыз аман, төңірегіміз түгел, бауырымыз бүтін болғай! Әр шаңыраққа Қызыр дарып, Бақ қонсын! Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: