Сейсенбі, 23 шiлде, 18:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Күрестен ел чемпионаты басталды

09.04.2022

1035 0

Аймағымызда 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

16 сәуірге дейін жалғасатын біріншілікке республикадан 1290 спортшы қатысуда.

– Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсыр­масымен спортты дамытуға басымдық берілуде. Соның ішінде Сыр елінде де ауқымды шаралар өткізу қолға алынған. Ел чемпионатының аймағымызда өтуі жастарға үлкен серпін береді деген ойдамыз. Жастарға қолдау, оларды спорттық жарыстарға ынталандыру ретінде ел чемпионатының орны зор. 10 күн бойы жалғасатын күрес бәсекесінде ел чемпиондары анықталады, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Жағыпар Тажмаханов.

Ел чемпионатын ұйымдастырудағы басты мақ­сат – Азия және әлем чемпионаттарына, халықаралық додаларға қатысу үшін ұлттық құрама командасын қалыптастыру.

– Еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты алғаш рет Біріккен формат­та U17, U23 екі жас ерекшелік бойынша өткізілуде.  Шараны ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Республикалық күрес федерациясы ұйымдастырып отыр. Биылғы жыл күрес спорты үшін маңызды жыл десек болады. Себебі республикалық және әлемдік деңгейдегі сайыстар саны артты. Қызылорда облысында ұйымдастырылған бұл чемпионат үлкен сайыстардың алдын­да жастарға үлкен мүмкіндік болмақ. Республикалық чемпио­наттарды көптеп өткізу арқылы жер-жердегі таланттарды танып, оларды жоғарғы жетістіктерге жетелеуге үлкен мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Республикасы Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: