Сенбі, 27 шiлде, 17:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59-2069
27.07.2024
PDF мұрағаты

Жас отбасыға жаңа мүмкіндік

09.07.2022

623 0

«Отбасы банк» АҚ жас отбасылар үшін жаңа бағдарлама ұсынуда. Жылдық мөлшері 6 процент болатын бағдарлама «Жас отбасы» деп аталады. Басты талап неке қию мерзімі 5 жылдан аспауы керек.

Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың бірінің «Отбасы банкте» депозиті болуы шарт. Сондай-ақ оған жыл көле­мінде сатып алатын үй бағасының жар­ты ақ­шасын жина­ғаны дұрыс. Яғни, 1 жылда үй ба­ға­сының  50 про­­центін жинақтаса 6 процентпен ипотекалық несие рәсімдей алады. Ал де­по­зиттің бағалау көрсеткіші 5 балл болуы қажет. Депозитке қаржы жина­саңыз жылдық 2 процент мөлшерінде банктен және 20 процент кө­лемінде мемлекеттен сыйақы түседі. Осы тұста банк мамандары ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өз атына депозит ашып, кейін «Отбасылық пакетке» біріктірсе мемлекеттік сыйақыны екі есе көп алуына болатынын айтады.

Аталған бағдарламаның тағы бір ерекшелігі отбасын құрғандардың жасы мен бала саны маңызды емес. Сонымен қатар олар жаңа үйден де, екінші деңгейлі үйден де пәтер ала алады. Оған 6 жылдан 9 жылға дейінгі аралықта қарыз беріледі.

Айта кетер жайт, 6 проценттік несие тек алғашқы екі жылға жүреді. Одан кейін оның көлемі 5-тен – 3,5 процентке дейін төмендейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: