Сәрсенбі, 17 сәуiр, 03:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

1 қаңтардан бастап фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

04.01.2023

592 0

Әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салу туралы бұйрыққа министр қол қойып отыр, деп хабарлайды Vesti.kg сайты.

Бұл бұйрық 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді.

Министрлік қарамағындағы барлық мәдениет және білім беру мекемелерінде, концерттік шаралар мен мәдени жиындарда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Бұл санатқа театр, филормония, мұражай мен кітапхана ішінде ән айту да кіреді,-деп жазылған бұйрықта.

Сондай-ақ министр қол қойған бұйрықта ән кешін ұйымдастырған мекеме басшылығының әншілер үшін жауап беретіні жазылған. Яғни қандай да бір талап бұзылса нақты шараға сол ұйымдастырушы тарап тартылады.

Қазақстанда да дәл осы фонограмма мәселесі 2020 жылы қозғалған. Тіпті министрлік мәдениет туралы заңға толықтыру енгізу үшін парламентке ұсыныс та жібергенін мәлімдеді. Бірақ бұл мәселе сол күйі аяқсыз қалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: