Сенбі, 04 мамыр, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда полиция қызметкерлерінің митинг кезіндегі әрекет ету алгоритмі жасалды

12.07.2022

559 0

Ішкі істер министрлігі шерулер кезінде полицияның әрекет ету алгоритмін жасады. Құжат қазір қоғам талқылауында, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы.

Нұсқаулық бойынша, полиция қызметкерлерінің міндеттері:

  • Бейбіт шеру өтетін орынға 2 сағат бұрын келеді. Периметр бойынша орналасады. Жеке құрам жиынға қатысушылардың санына қарай белгіленетін болады.
  • Қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияның басшылық құрамынан топ жетекшісі митингке жауапты әкімдік өкілімен байланыста болады.
  • Олар шеру басталғанға дейін айналадағы бейнебақылау және жарықтандыру жүйелерінің жұмысын тексереді. Сонымен қатар адамдарға қауіп төндіретін жарылғыш және басқа да бөгде заттарды анықтап, залалсыздандыруы тиіс.

Жеке құрамның митинг өтіп жатқан жерде ішімдік ішкен адамдарды оқиға орнынан алып кетуіне, тіпті қажет болған жағдайда алаңды толық турникеттермен қоршап тастауына құқылы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: