Сейсенбі, 30 сәуiр, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Облыстық   Ә.Тәжібаев  кітапханасынан  30 кітап

16.08.2022

3966 0

Қызылорда облысы бойынша ЗК- 169/1 мекемесінің кітапханасына Әбілда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 30 кітап сыйға тартты.

   Бұл кітаптарды  мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет майоры Олжабаев  Қайрат Байдүйсенұлы   кітапхана қорын арттыру әрі сотталғандарды тәрбиелеуге пайдалану мақсатында сұратқан болатын.  Мекеме тарапынан жіберілген сұранысқа  аз уақыт ішінде жауап берген рухани ордадан бүгінгі таңда 30 кітап алынып, мекеме кітапханасының қорына қосылды. 

  Әкелінген кітаптар алдымен теологтар мен ЗК-169/1 мекемесінің қызметкерлері тексерістен өткізді. Тексеру барысында, әкелінген құнды сыйлар арасынан радикалдық бағыттағы және шытырман оқиғалы туындылар мен мекеме ішіне алып өтуге тыйым салынған заттар анықталған жоқ. Бұл кітаптардың ішінде қазақ әдебиетінің  классик жазушыларының,  қазақтың бес арысының да шығармалары  бар.

– Кітаптарды сыйға тартқан кітапхана басшылығына алғысымызды білдіре отырып,  сабырлы ұстаз саналатын кітаптың жазасын өтеуші жандарды түзу жолға түсіруге септігін тигізетіне сенімім  мол – деді майор Қ.Олжабаев.

«Кітап – ең сабырлы ұстаз! Тек кітап ғана қайырылымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып білуге үйретеді» деп айтылғандай, бұл құнды дүниелердің сотталғандарды тәрбиелеуге игі әсері болатыны анық. Өйткені,  мекемеде жазасын өтеушілер арасында «артық білім кітапта, ерінбе оқып білуге» қағидасын ұстанатындар саны жеткілікті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: