Жұма, 03 мамыр, 03:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңарған теміржол вокзалына бардыңыз ба?

06.01.2024

478 0

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда теміржол вокзалы – өткен ғасырдың басында ерекше архитектурамен салынған нысан. Тоғыз жолдың торабында орналасқан, әр тараптан келген жолаушыларды тоғыстыратын шаһардың бас қақпасы.

Айта кетейік, Сыр өңірінен өтетін магистральді теміржол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 шақырым. Аймақта бірнеше теміржол вокзалы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Облыс аумағынан барлығы 16 жұп жолаушы пойызы өтеді. Оның ішінде Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған. «ҚызылордаБесарық-Түркістан» жолаушылар пойызының қызметі облыстың оңтүстік бағытындағы 26 елді мекенді қамтиды.

Жолаушыларға қызмет көрсетіп келе жатқан теміржол вокзалына былтырдан бері «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді. Соған орай апта барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен қала әкімі Асылбек Шәменов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевпен бірге қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалына барып, жөндеу жұмысымен танысып қайтты.

Тарихи ғимаратты қайта жаңғыртуға «Қазақстан Темір Жолы» компаниясынан 322 млн теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен 255 млн теңге қаржы бөлінді. Эскиздік жобаға сәйкес ғимараттың сыртқы бетіне травертин плиталарын монтаждау, шатырын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустарды, суағарды, су, кәріз және жылу жүйелерін жөндеу, қала жақ бетін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ішкі бөлмелері жөнделді. Мұнан бөлек, 2 жолаушылар платформасына жаңадан асфальт төселіп, төрт көзді 10 жарық шам орнатылды.

Екінші ғимарат та әдемі кейіпке еніп, әкімшілік ғимаратының сырты әрленіп, есіктері ауыстырылды, 200 шаршы метр шатыры жөнделді. Ал жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен перрон және автотұрақ асфальтталып, жарық шамдар қойылды. Оған қоса вокзал маңындағы нысанның сыртқы қасбеті қапталды.

P.S. Міне, Қызылорда қаласындағы бірденбір тарихи орын саналатын ғимараттың бірі – теміржол вокзалы да жаңаша кейіпке енді.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: