Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

3 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

03.01.2024

484 0

Сурет: naktyzhuldyzzhoramal

Жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Сондай-ақ жұлдыз жорамалға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Сүйікті жаныңызға үйде романтика ұйымдастырыңыз. Майшам астындағы кешкі ас немесе раушан жапырақтары төселген төсек секілді идеяларды пайдалануды ұмытпаңыз. Мұндай сәттер тек қана фильмде болмайтынын бір еске түсіріңіз. Иммунитетті дәрумендер мен қоректік заттармен көтеріңіз. Шаршағаныңызды ыстық ванна мен бір шыны шай басады.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін өзіңізге жаңа маусымдық зат сатып алудың тамаша күні. Егжей-тегжейіне дейін ескерілуге тиіс жұмыстарды сәтті аяқтайтын күн болмақ. Басқалар байқамай кетуі мүмкін жайттар сіздің назарыңыздан тыс қалмайтыны анық.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Сапалы аромашам немесе диффузор сатып алыңыз: үйдегі хош иіс сіздің көңіліңізді көтерері анық. Сүйіктіңіз бар болса, оған сезіміңізді білдіріңіз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Балалармен қарым-қатынас жасаудағы ең маңыздысы – сенім. Егер балаларыңыз болса, оларға көп ұрыспаңыз. Ал олар әлдебір қылығын үшін кешірім сұраса, кешіріп, мейіріммен қараңыз. Егер сіз өзіңіздің сыртқы келбетіңізге өзгеріс жасауды ойласаңыз, бүгін оны жүзеге асыруға тамаша күн.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Мүмкін болса, жауапты тапсырмаларды бір күнге ысырып қойыңыз. Бүгін сіз аздап алаңдауыңыз мүмкін. Міндетті түрде жұмыстан үзіліс жасаңыз. Бүгін сізге достық парыз сезімі мен қалауыңыздың арасында таңдау жасауға тура келеді. Шешім қабылдамас бұрын мұқият ойланыңыз.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Күніңіздің тыныш өтуін қалағаныңызбен, олай бола қоймайды. Қарбалас тіршілік пен мәселені оңтайлы шешу қажеттілігі туындайды. Сізге жауап іздеуге, басқалармен келіссөздер жүргізуге, өтініштерді орындауға тура келеді. Егер сіз қарым-қатынаста болсаңыз, жақын адамыңыздан тосын сый күтіңіз. Немесе өзіңіз тосынсый жасаңыз.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Үтіксіз үтіктеу тәсілдерін (спрейдің көмегімен) байқап көріңіз. Бұл сіздің жұмысыңызды әжептәуір жеңілдетеді. Бақыт тыныштықты жақсы көреді, сондықтан жеке өміріңізге қатысты сырыңызды ешкімге бөліспегеніңіз жөн, әсіресе бүгін.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Сүйікті адам романтикаға бейім, сондықтан бүгін ашық болудан, сіз үшін өте маңызды нәрсені талқылаудан қорықпаңыз. Мүмкін болса, қала сыртында демалыңыз. Өзіңізге көңіл бөліңіз, көптен бері кейінге қалдырған кездесуге барыңыз, саябақта серуендеңіз, ашық көрмеге барыңыз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз ұзақ уақыт бойы арықтауға тырысып келсеңіз, бірақ сіздің күш-жігеріңіз нәтиже бермесе, диетологпен кеңесіп көріңіз. Маман сізге теңдестірілген ас мәзірін жасап береді, ол міндетті түрде нәтиже береді. Отбасыңызға сеніңіз, қандай қиындыққа тап болсаң да, туыстарың саған тек жақсылық тілейді.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Қарым-қатынаста ашық диалог құру бүгінгі күні әсіресе маңызды болмақ. Сырыңызды ақтарудан қорықпаңыз, сонда ғана серігіңіз ашылады. Күтпеген ұсыныстар, сыйлықтар, жағымды тосын сыйлар болуы мүмкін. Маңызды қаржылық мәселелерді шешуге тырысыңыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Ар-ұжданыңызбен мәміле жасауға тырыспаңыз: қалайтын және қолайлы жолмен емес, дұрыс жолды таңдап әрекет етіңіз, осылайша болашақта өзіңізді жазғырудың қажеті болмайды. Өз сүйіктіңіздің жағымсыз тұстарын қабылдауды үйреніңіз. Бұл кемшіліктері болмаса, бәлкім сіз оны сүймес едіңіз.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Аяқ-киім мен сөмкелеріңізді түгендеңіз, олардың кейбірін жөндеу қажет болуы мүмкін. Қазірден бастап бұл мәселені шешіп қойсаңыз, қажет болған сәтте қиындықтар туындамайды. Сізге шынайы көңіл бөлетін адамдармен көбірек сөйлесіңіз, байланыс орнатып, қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: