Дүйсенбі, 01 шiлде, 03:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

«Отбасы – алтын бесігім» отырысы өтті

10.02.2023

626 0

Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысы кезінде балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық қажет. Осы тұрғыда, мектебімізде «Отбасы – алтын бесігім» тақырыбында сынып жетекшілер, ардагер ұстаздар, ата- аналар комитетімен бірлескен отырысы болып өтті. Отырысқа ата- аналар комитетінің төрағасы Тасбөгет кенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінде волонтер Абылайхан Күнғабылов, облыстық статистика департаментінің бас маманы Нұржамал Ермаханова, №5 спорт мектебінің кіші қызметкері Жеңіскүл Сағындықова, «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Әзиз Батырбеков, зейнеткер Күнғияш Ералиева қатысты.

Отырыстың бірінші бөлімінде күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жарқынай Құрманова отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы, бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңыздылығына тоқталды. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керектігі айтылды. Өз кезегінде ата-аналар комитетінің төрағасы Абылайхан Күнғабылов «Жақсы адамдарым» әнін орындаса, ал Әзиз Жұмаділдәұлы М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» өлеңін нақышына келтіріп, өз ой пікірлерін ортаға сала отырып, сый тартуы ретінде “қонақ кәделерімен”көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ата-аналар комитетінің мүшесі Нұржамал Ермахановаотбасындағы тәрбие құндылықтары туралы өз ойын ортаға салды.

Жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып отырған 9 «Ә» сыныбының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі А.Өмірзақова өзінің күнделікті іс-тәжірбиесінде қолданып отырған жұмыстарына тоқталды.

Мектеп психологы З.Сисенбаева ата-аналарға «Жүрек жылуы» тренингін өткізді. Тренинг барысында «Қызықты сұрақтар», «Рефлексия – күн шуақты алаңқай» ойындарын өткізіп, ойында ата-аналар мен ұстаздар алған әсерлерімен «Май шам» жаттығуы арқылы бөлісіп, өз тілек, лебіздерін білдіріп, бір –біріне жақсы көңіл күй сыйлады.

Отырыс соңында мектеп директоры Мария Шынәліқызы ата-аналарға өзінің жүрек жарды тілегін білдіре отырып, алдағы уақытта бала тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Келесі бөлімде «Өзін-өзі басқару» ұйымы кабинетінің ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанаты рәсімін мектеп кітапханашысы М.Жаналиева мен ата-ана Ә.Батырбеков лентасын қиды. Сонымен қатар салтанатты рәсімге ардагер ұстаздар, жас мамандар, ата-аналар комитетінің мүшелері мен «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері және мектеп президенті М.Алмасбек қатысты. Ата-ана К.Ералиева мектеп ұжымына, оқушыларға алдағы уақытта биік белестерді бағындыруға алғысын,батасын беріп, сәттілік тіледі. Ата аналар комитетінің төрағасы А.Күнғабылов мектеп өміріндегі жоспарға сәйкес түйткілді мәселелерді бірлесе шеше отырып, оқу –тәрбие көрсеткіштерін көтеруге өз үлестерін қосатындығын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: