Жексенбі, 08 желтоқсан, 05:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда оқушылар бағдарламасына жаңа пән енгізілетін болды

25.08.2021

2048 0

Бұдан былай мектептерде домбырада ойнау жаңа пән ретінде оқытылуы мүмкін. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл, әсіресе қазақ тілінде оқытылатын сыныптарға қатысты.

Алмагүл Мұхамедханова мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу қажеттігін атап өтті. Оқу бағдарламасы қазіргі уақытта сараптамадан өтіп, кейін барлық білім беру ұйымдарына жіберілетін болады.

“Ұлттық құндылықтар – маңызды. Біз өз Отанын сүйіп қана қоймай, оған адал, өз халқы мен Отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын адамды тәрбиелеп, өсіруіміз керек. Бірақ бұл барлығы бірдей осы пәнді тез үйренеді дегенді білдірмейді. Бәрі мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады”, – деді Алмагүл Мұхамедханова елордада өткен білім беру мәселелері жөніндегі тамыз конференциясында.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар жайлы айтып өтті.  Әлеуметтік-экономикалық және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сабаққа классикалық үлгідегі киімде қатысуға рұқсат етілетінін хабарлаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: