Жұма, 29 наурыз, 21:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

95 кызылордалык зияткер мектеппен коштасты

26.05.2021

1371 0

Бүгінгі соңғы қоңырау мектеп түлектері үшін ерекше болғаны сөзсіз. NIS атты білім кемесінде шыңдалып, жаңа өмірге қадам басқан 95 жас зияткер барша педагогикалық ұжымға алғысын білдіріп, келешек буынға білім кілтін аманат етті.

2021 жылдың бітіруші сыныптары үшін ұйымдастырылған мектеппен қоштасу салтанатында оқушылар мектепте өткізген жылдарға көз жүгіртіп, ұмытылмас кезеңдерді, табысқа жеткен сәттерді еске түсірді.

Биылғы оқу жылының түлектері халықаралық IELTS емтиханынан жоғары ұпай жинап, мектептің өткен жылғы көрсеткішін еселей түсті. Сондай-ақ, ғылыми еңбектері мен пән бойынша жоғары академиялық білімдерімен ерекшеленіп, мектеп абыройын асқақтата түсті. Сонымен қатар, биылғы бітірушілердің қатарында 1 түлек «Алтын белгі» үміткері болса, 4 түлек «Үздік аттестатқа» үмітті. Бүгінде түлектер алғашқы оқу гранттарына қол жеткізіп, әлемнің жоғары оқу орындарына шақыртулар алып жатыр.

Салтанатты шарада оқушылар мектепке деген алғыстарын әнмен жеткізіп, ізбасарларына келер оқу жылында жаңа күшпен және тың идеялармен оралуға тілектестіктерін білдірді. Бұл жылдың соңғы қоңырау соғу құрметі мектептің үлгілі оқушылары Дархан Бақытжан және Жұлдызай Бермиштайға берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: